Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады
|
1-Тапсырма
Суретте бесбұрышты пирамида кескінделген. Көрінбейтін
қырларын, жақтарын жазыңдар
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Суретте бесбұрышты пирамида кескінделген. Көрінбейтін
қырларын, жақтарын жазады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады
|
2-Тапсырма
1 Радиусы 4 см шар, кубтың барлық жақтарына жанасатындай етіп, куб ішіне орналастырылды (7.19-сурет). Кубтың көлемін табыңдар.
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Кубтың көлемін табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|