1. Санитариялық-эпидемияға қарсы режим. Стерилизация: түрлері, тәсілдері


Медициналық құжаттар және толтыру



бет9/14
Дата04.11.2023
өлшемі83,37 Kb.
#121813
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Мейіргер ісі №2рк (1)

11.Медициналық құжаттар және толтыру.
Негізгі құжаттардың анықтамасы:
1. Құжаттың атауы. Амбулаториялық карта.
2. Бұл құжат не үшін керек? Емханаға алғашқы келген әр науқасқа толтырылады.
3. Кім толтырады? Төл құжаттық бөлім және анықталған диагноз парағын қабылдау бөлімінің мейірбикесі, қалғанын мейірбике толтырады.
4. Ескерту. Тіркеу бөлімінде сақталады.
1.Құжат атауы. Статистикалық талон.
2. Құжат не үшін керек? Осы сырқат бойынша бірінші рет келген науқасты тіркейді.Бұл емхананың есебін құрастыратын, аурулардың санын, келіп-кеткен науқастардың санын белгілейтін негізгі статистикалық құжат болып табылады.
3. Кім толтырады? Диагноз қою жағы дәрігермен бақыланып, мейірбике толтырады.
4. Ескерту. Толтырылғаннан кейін медициналық статистика кабинетіне тапсырылады.
1.Құжат атауы: Дәрігердің қабылдауына талон.
2. Құжат не үшін керек? Дәрігерге келген науқастарды жүйелеу және сырқатқа дәрігердің қабылдау күнін, уақытын, кабинет нөмірін еске сақтау үшін.
3. Кім толтырады? Апта бойы қабылдайтын уақытқа мейірбике талон жазып береді.
4. Ескертпе:Талонның жартылай бөлігін мейірбике қабылдауға береді,қалған жартысы тіркеу бөліміне беріледі.
1.Құжат атауы: Диспансерлік тіркеу картасы.
2. Құжат не үшін керек? Участке бойынша әр емделушіні тіркеу мақсатымен және диспансерлеу процесін анықтау үшін ашылады.
3. Кім толтырады? Аурудың алдын алу кабинеті мейірбикесі, ондайлар жоқ болса - учаскелік мейірбике жүргізеді.
4. Ескерту: Карта аурудың алдын алу бөлімшесінде немесе учаскелік дәрігердің кабинетінде жатады.
1. Құжат атауы: Амбулаторлық картадан көшірме.
2. Құжат не үшін керек? Амбулаториялық картадан қажетті мәліметтер жазылып алынады. Ол белгілі бір орынның талап етуі бойынша емделушінің қолына беріледі. Ол емхана мен денсаулық сақтау бөлімінің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс бірлестігі үшін керек.
3. Кім толтырады? Кабинет мейірбикесі.
4. Ескерту: Көшірме міндетті түрде дәрігермен және мекеменің мөрімен бекітіледі.
1. Құжаттың атауы: Санаторлық-курорттық карта.
2. Құжат не үшін керек? Емдеуші дәрігер мен санаторий арасын байланыстыратын буын болып табылады. Бұл құжат емделушінің санаторияға бағытталған кезеңіндегі жағдайын көрсетеді.
3. Кім толтырады? Дәрігердің басшылығымен мейірбике рәсімдейді.
1.Құжаттың аталуы: Консультацияға жолдама.
2. Құжат не үшін керек? Консультацияға бағыттаған дәрігер мен консультанттың арасын байланыстыратын буын болып табылады.
3. Кім толтырады? Дәрігер немесе дәрігердің басшылығымен мейірбике.
4. Ескерту:Анықтама оқушыларға және студенттерге, ал ауруханалық қағаз жұмыс істейтіндерге беріледі.
1.Құжаттың аталуы: Анализ тапсыруға жолдама.
2. Құжат не үшін керек? Не және қандай мақсатпен жолданғанын зертханаға хабарлау.
3. Кім толтырады? Мейірбике.
4. Ескерту: Жолдамада материал қай зертханаға және нәтиже қайда жіберілетінін нақты жазу керек.
1. Құжаттың аталуы: Процедуралық кабинетке жолдама.
2. Құжат не үшін керек?Емделушіге дәріні қандай мөлшерде және қандай жолдармен
егу жасауды процедуралық мейірбикеге ескерту жасау керек.
3. Кім толтырады? Медбике.
4. Ескерту: Егер емделушіге тез арада егу жасау керек болса, жолдамаға ТЕЗ деп жазу керек.
1. Құжаттың атауы: Жедел хабарлама.
2. Құжат не үшін керек? Ошақта санитарлық-эпидемиологиялық шаралар өткізу мақсатымен инфекция мен педикулез табылғанын санитарлық-эпидемиологиялық қызметке хабарлау.
3. Кім жүргізеді? Медбике немесе дәрігер.
4. Ескерту: Телефон арқылы СЭС хабарлап, хабарламаға жазу керек.
1.Құжаттың аталуы: Уақытша еңбекке жарамсыз қағазы мен анықтамасы.
2. Құжат не үшін керек? Ауруына байланысты емделушіні оқудан немесе жұмыстан босату.
3. Кім толтырады? Дәрігер немесе дәрігердің басшылығымен медбике.
4. Ескерту: Оқушылар мен студенттерге анықтама, ал жұмыс істеушілерге
жарамсыз қағазы беріледі.
1.Құжаттың аталуы.Орта буынды медицина қызметкерінің жұмыс жүргізукүнделігі.
2. Құжат не үшін керек? Мейірбикенің істеген жұмыс уақытын және оның жұмыс көлемін есептеуді бақылау.
3. Кім толтырады? Медбике.
4. Ескерту: Күнделік статистика кабинетінде немесе тіркеу орынында сақталады.
1. Құжаттың аталуы: Науқастың медициналық картасы.
2. Құжат не үшін керек?Науқастың стационарда өткізетін емдеу-диагностикалық процесін тіркеу.
3. Кім толтырады? Төлқұжаттық бөлімін қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады.
4. Ескерту:Стационарға түскен әр емделушіге ашылады.
1.Құжаттың аталуы: Ауруханаға жатқызу журналы.
2. Құжат не үшін керек? Стационарға түскен емделушілерді тіркеу үшін.
3. Кім толтырады? қабылдау бөлімінің мейірбикесі.
4. Ескерту: Кейде қабылдау бөлімінде анықтама үстелі үшін алфавиттік журнал жүргізіледі.
1.Құжаттың атауы: Ауруханаға жатқызбау журналы.
2. Құжат не үшін керек? Түрлі себептермен ауруханаға жатқызылмаған ауруларды тіркеу үшін.
3. Кім жүргізеді? Қабылдау бөлімінің мейірбикесі.
4. Ескерту: Журналда міндетті түрде ауруханаға не себептен жатқызылмағаны көрсетіледі.
1. Құжаттың аталуы: Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы.
2. Құжат не үшін керек? Әртүрлі аурулармен жатқызылған науқастарды тіркеу үшін.
3. Кім толтырады? Төлқұжаттық бөлігін қабылдау бөлімінің мейірбикесі, басқа бөлігін дәрігер толтырады.
4. Ескерту:Статистикалық карта медициналық статистика кабинетіне тапсырылады.
1. Құжаттың атауы: Кезекшілікті қабылдау және тапсыру журналы.
2. Құжат не үшін керек? Журнал бөлімше мейірбикелері кезекшілігін дұрыс қабылдап-тапсырылуына көмектеседі және тіркейді. Емделушілердің жалпы саны мен олардың жылжулары көрсетіледі, қатты ауырған емделушілер жазылады, медициналық жабдықтардың жағдайы көрсетіледі, бөлімшедегі тәртіптің бұзылуы белгіленеді.
3. Кім толтырады? Кезекшілікті тапсырған және қабылдаған мейірбикелер толтырады.
4. Ескерту: Журналды дұрыс толтырып, өз қолын қою керек.
1.Құжаттың атауы. Мөлшермен тамақтануды талап ету.
2. Құжат не үшін керек Бұл бөлімшеге қажет диета мен мөлшерді көрсететін тағам блогына арналған талап болып келеді.
3. Кім толтырады? Палаталық мейірбике құрастырады, кейін аға мейірбике оған өз талабын қосып, тағам блогына жібереді.
4. Ескерту: Мөлшермен тамақтандыру бөлімінің меңгерушісі бекітеді.
1. Құжаттың атауы: Дене қызуын тіркеу парағы.
2. Құжат не үшін керек? Пульс, АҚ, тыныс алу жиілігін, дене қызуының өзгерістерін көрсету үшін. Сондай-ақ, қажет кезінде емделушілердің су баланс көрсеткіштері, салмағы, физиологиялық бөлулері жазылады.
3. Кім жүргізеді? Бөлімшенің мейірбикесі.
4. Ескерту:Кесте көрінісі көрнекі болу үшін әр көрсеткішке өзіне сәйкес қарындаш түсі белгіленген.
1.Құжаттың атауы: Аға медбикеге берілетін дәрілерге талап.
2. Құжат не үшін керек? Дәріханаға қандай дәрі-дәрмектер тапсыру керек екенін аға мейірбикеге хабарлау үшін.
3. Кім толтырады? Күн сайын белгілеу қағазынан таңдап, палаталық мейірбике құрастырады.
4. Ескерту: Талап орыс тілінде құрастырылады.
1.Құжаттың атауы. Дәріханаға жіберілетін талап.
2. Құжат не үшін керек? Бөлімшеге қажетті дәрі-дәрмекті алу үшін дәріханаға тапсырыс. Жай дәрілерге - екі данада, құрамында есірткі заттары бар дәрі мен спиртке үш данада құрастырылады.
3. Кім толтырады? Палата мейірбикелерінің талабы бойынша аға мейірбике құрастырады. Бөлім меңгерушісі бекітеді, ал құрамында есірткі заттары бар дәрі мен спиртті бас дәрігер бекітеді.
4. Ескерту: Талап дәрілік заттардың формасын, мөлшерін, концентрациясын көрсету арқылы латын тілінде құрастырылады.
1. Құжаттың атауы: Науқастар ағымының жиыны.
2. Құжат не үшін керек? Күнде құрастырылады. Бөлімше науқастарының ағымын көрсетеді. Бұл құжатта науқастардың жалпы саны, шығарылған,келіп түскен, өлген және басқа бөлімшелерден ауыстырылған науқастар саны көрсетіледі.
3. Кім толтырады?Бөлімше мейірбикесі.
4. Ескерту: Таңертең құрастырылып, санитарлық өткізуге жіберіледі.
1.Құжаттың атауы Пост/күзет медбикесінің белгілеу журналы.
2. Құжат не үшін керек? Науқасқа арналған тағайындау парағынан алынған мәліметтер жазылады.
3. Кім толтырады? Палаталық мейірбике.
4. Ескерту: Құрал-жабдықтар мен зертханалық белгілеулер, консультациялар және түнге деген дәрі-дәрмектер жазылады.
1.Құжаттың атауы:Қатты әсер ететін және есірткі заттары бар дәрілерді есепке алу журналы.
2. Құжат не үшін керек? Есірткі мен қатты әсер әр таблетка немесе инъекция есепке алынады және де қалғанын міндетті түрде белгілеу керек.Барлық бағанасын анық және сауатты толтыру керек.
3. Кім толтырады? Процедуралық кабинетінің мейірбикесі.
4. Ескерту: Журнал міндетті түрде тігіледі, нөмірленеді және стационардың мөрімен бекітіледі.
1.Құжаттың атауы:Қан құю мен қан алмастыратын заттарды есепке алу журналы.
2. Құжат не үшін керек? Қан құюды және қан алмастыратын заттарды тіркеу үшін.
3. Кім толтырады? Процедуралық кабинеттің медбикесі.
1. Құжаттың атауы: Қан биохимиясына, РВ, АИТВ, қан топтарына және резус фак-
торына жолдама.
2. Құжат не үшін керек? Қан не үшін жіберілгенін зертханаға хабарлау.
3. Кім толтырады? Процедуралық кабинеттің мейірбикесі.
4. Ескерту: Қан қай бөлімнен зерттелуге келіп түскенін нақты жазу керек.
1.Құжаттың атауы: Процедуралық кабинеттің белгілеу журналы.
2. Құжат не үшін керек? Бұл журналға емделушінің белгілеу қағазынан алынған белгілер жазылады.
3. Кім толтырады? Жазуды белгілеу қағазынан палаталық мейірбике жасайды,ал журналды процедуралық кабинетінің мейірбикесі жүргізеді.
4. Ескерту: Онда тікелей кірісуге байланысты белгілер еске алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет