1. Сауат ашу «Әліппе» оқулығымен танысу. ҚР жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Сауат ашу»



бет2/3
Дата13.09.2022
өлшемі30,36 Kb.
#38988
1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 4 Оқиғаны болжау
1. 5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Сөйлеу туралы білімді түсінеді.
Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Оқушы, ученик, learner
Сабақтың басы 5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Сабақтың ортасы
№1 Оқулықтағы тапсырма. Суретке назар аудар. Бұлар қандай бөлмелер. Олар қайда орналасқан?
№2 Сызбаның көмегімен берілген сұрақтарға жауап беріп көр. Сынып бөлмесінде отырған кімдер? Олар не істеді?
№3 Өлеңді мұхият тыңда.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы тапсырма.
Оқушымын мен енді! Сөйлеміне сәйкес сызбаны тауып көр.
4. Әліппе кезеңінің оқу-тәрбие міндеттері.
Әліппе” кезеңі.
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу.
Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлеммен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндау талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әнгіме шығарамыз.Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстармен, олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ұ, Ң, Ы.
3. Е, К, І, Ө, И, З, Ә, Ү, Г.
4. Я, Ю, Х, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
“Әліппеде” “оқу мен жазу” тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу – жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.
Әріпті жазып үйренудің тәртібі:
1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау;
2) жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден);
3) жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
4) жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
5) жаңа әріпті тұтас жазу;
6) жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
7) құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
8) сөйлем жазу;
9) баланың жұмысына талдау жасау
Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін дейгейде оқу үшін 2 бағанда берілген:
2) тұтас оқу.
1) буындап оқу;


5. Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет