49. Діни фундаментализм түсінігі. Фундаментализм (негіз)ұғымы кең мағынада алғанда ХХ ғасырдың басында жаһандану процесіне жауап ретінде пайда болған шектен шыққан консервативтік (ескішіл) философиялық, моральдық, әлеуметтік ағым. Фундаменталимзнің бір бағыты – діни фундаментализм, оның негізгі міндеті діннің догмаларына қайтып келу (возрат). Діни фундаментализм қазіргі заманғы қоғамның демократиялануына, жаһандануына, секуляризациялануына (жеке адамның, қоғамның діннің ықпалынан айырылуы, қоғамдағы діннің ықпалының төмендеуі, мемлекеттің зайырлы формасының орнауы), дінді мәдениеттің ерекше формасы ретінде зерттейтін ғылыми, рационалды әдіснамаға жағымсыз реакция болып табылады. Өзінің негізгі міндеттері ретінде діни фундаментализм діни құрылымдарға қоғамдағы үстем позициясын қайтару деп санайды. Діни, қасиетті кітаптардағы ережелерді қатаң сақтау қажеттігі, оларды сынауға жол бермеу – оның негізгі идеологиялық шарттары болып табылады. ХХ ғ. басында АҚШ-та протестанттық фундаментализм, Ресейде – православиелік фундаментализм орын алды, қазір кезде ислам фундаментализмі (жихадты жариялау) көрініс беруде.
50. Дін: түсінігі мен міндеттері (функциялары). Дін – қоғамдық сананың бір түрі, қоғамның басты әлеуметтік институттарының бірі. Яғни 1-ден, дін – мораль және құқықпен бірге адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеуші; 2-ден, дін – адамның әлеуметтік, мәдени, саяси қызметіне әсер ететін қоғамдық сананың, дүниеге деген көзқарастың бір түрі.
Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі, оның адамгершілік қасиеттерін сақтау, дамыту және оның Жаратушы Құдайға сенімі. 1) дін – мораль және құқықпен бірге адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеуші; 2) дін – адамның әлеуметтік, мәдени, саяси қызметіне әсер ететін қоғамдық сананың, дүниеге деген көзқарастың бір түрі.
Діннің тайпалық-халықтық (иудаизм) және ұлтаралық не әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сунниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүие жүзі халқының көпшілігі, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады, оларды дәстүрлі діндер деп те атайды. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады. Марксизм дінді адам санасын улайтын апиын деп санаған.