5) Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Жобаның мәні: бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи отандық мәдениет мемлекеттік қолдауымен БҰҰ-ның 6 тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі тиіс; мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына мүлдем жаңа тәсілдермен таныстыруымыз қажет; бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, Жазушылар одағы, Ғылым академиясы, университеттер, қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруы тиіс.Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алып, кейін оларды шетелдерде таныстырамыз.
6)Бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы назар аудару. Бұл жоба – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңіріндегі түрлі жастағы, түрлі этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдырып, қоғамға таныту, жастарға оларды үлгі етіп ұсыну.
Сөз соңын Президент: «Мемлекет пен ұлт үнемі дамып отырады. Ол өмір сүру үшін заман ағымына бейімделуі тиіс. Жаһандану заманында заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін...» деп қорытындылады.