1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы



бет63/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

6-сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердің табиғи ресурстары шектеулі, оларды тұтыну жоғары. Біздің еліміз табиғи ресурстарға бай. Басқа елдер, халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады. Біз өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымыз туралы ойлануымыз қажет. Біз оларды сатудан елімізге кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, экономикалық өсуге тиімді жұмсауды үйренуіміз керек.
7-сын-қатер – Үшінші индустриялық революция. Әлем Үшінші индустриялық революция қарсаңында тұр. Технологиялық жаңалықтар, цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және ғылыми жетістіктер әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін, қоршаған ортаны, адамның өзін де өзгертеді. Біз осы үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
8-сын-қатер  үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі кезеңде әлемде әлеуметтік тұрақсыздық күшеюде. Оның себебі – әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде 200 миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отыр. Бүгінде біз жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бірақ біз масаттануға тиіс емеспіз. Жаһандық экономикалық дағдарыс жалғасуда, ол Қазақстанға кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту қажет.
9-сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр құндылық дағдарысын бастан кешіп отыр. Өркениеттер қақтығысы болып жатыр деген үндер жиі естіледі. Біз еліміздің көпэтностылығы мен көпконфессиялығын өз артықшылығымызға айналдырдық. Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз, мәдениеттер мен өркениеттер диалогына дайын болуға тиіспіз.
10-сын-қатер – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. Әлемде 2007-2009 жылдардағы экономикалық дағдарыс жалғасуда. 2013-2014 жылдары шикізатқа әлемдік баға құлдырауы мүмкін. Біз үшін бұл тиімсіз. Дамыған елдердің (ЕО, АҚШ) шикізат ресурстарына қажеттілігі төмендетуі мүмкін. Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляция күшейіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты біз дағдарысқа дайын болуымыз, билік, мемлекет, қоғамның ойластырылған бағыты болуы тиіспіз.
(3-бөлім) Президент осындай қауіптердің алдын алу үшін 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес екеніне тоқталды. 15 жыл бұрынғы «Қазақстан-2030» Стратегиясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын, ол негізгі базалық өлшемдер бойынша орындалды. Енді қазір мемлекеттің алдында тұрған жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлерге төтеп беру үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдаудың маңызы зор болмақ.
Құжаттың 3-бөлімі «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» деп аталып, онда Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы үшін мынадай 7 ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыру қарастырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет