1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


«Жасыл» экономиканы дамытудың 7 негізгі бағыты



бет76/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
«Жасыл» экономиканы дамытудың 7 негізгі бағыты: 1) жаңартылатын энергия көздерін енгізу; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі; 3) ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы; 4) қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру; 5) су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру; 6) «таза» көлікті дамыту; 7) экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.
1-ші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе қазіргі кезде өте маңызды. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ, көмір – бүкіл дүние жүзінде кеңінен қолданылатын, ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде қарастырылады, бірақ олардың өзі уақыт келе сарқылады: ғалымдардың болжауынша мұнай қоры – 40-50 жылдан кейін, газ – 80 жылдан кейін мүлдем жоқ болуы мүмкін, бү­гінде өндірілетін энергияның 85 пайы­зы осындай органикалық отын түрлерінен алынады), демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Жаңартылатын энергия көздері дегеніміз, бұл – күн жарығы, желсу, су толқыны, геотермиялық жылу (Жердің жылу өрісі сыртқы - Күн сәулесі және ішкі энергия көздері - радиоактивтік элементтердің ыдырауының әсерінен түзіледі) сияқты сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы фактісі басқа елдер алдындағы өзінің позициясын айтарлықтай арттырады.
2-ші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол біраз жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
3-ші бағыт ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бұл бағыт әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: 1) жердің құнарлылығын басқару; 2) суды тиімді пайдалану; 3) өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару; 4) фермаларды механикаландыру.
4-ші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіреміз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда. Елімізде жоспар бойынша 40-тан астам қоқыс өңдеуші кешеннің құрылысы басталды. Астанада Испан технологиясы бойынша пайдалануға берілген зауыт жылына 400 мың тонна қоқысты қайта өндеп, қала қажеттілігін өтеуге қауқарлы екен. Егер дәстүрлі экономика – бұл тауарлар мен қалдықтардың өндірісі болса, «жасыл» экономика қалдықтарды кері өндірістік циклға қайтаруы тиіс.
5-ші бағытсу қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Ғалымдардың есебінше, ауа температурасы жарты градусқа жы­лыныпты. Соған байланысты, Мұз­ды мұхиттағы мұздықтар еріп жа­тыр. Бұл түптеп келгенде неге әкеп соғуы мүмкін? Бұл әлем бойын­ша ауыз су тапшылығына әкеп соға­ды. Әлемдік ақпарат бойынша, 20 жыл­дан кейін дүниежүзіндегі ауыз­ судың тек 60 пайызы халыққа жетеді. Бұл үлкен проблема. Оның ішінде, Қазақстан территориясы құрылықта орналасқандықтан, су тапшылығы күр­делі мәселеге айналуы мүмкін. Өкі­нішке қарай, қазір біз ауызсумен кө­лікті де жуамыз, үйдегі тіршілікке де пайдаланамыз.

6-шы бағыт«таза» көлікті дамыту. Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

7-ші бағытэкожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.


«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына ресурстарды инвестициялауды жоспарлайды: 1) ауыл шаруашылығы; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; 3) энергетика; 4) балық аулау; 5) орман шаруашылығы; 6) өнеркәсіп; 7) туризм; 8) көлік; 9) қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу; 10) су қорларын басқару.
2015 жылғы БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне байланысты Париж конвенциясына еліміз қол қойды. Әлемнің 170-тен астам елі мақұлдаған құжат – адамзаттың Жерді болашақ ұрпақ үшін қазіргі күйінде сақтап қалуға жасалған үлкен қадамы болмақ.
Бұл тарихи құжатқа сәйкес, дү­ние­жүзінің 196 мемлекеті 2100 жыл­ға дейін Жер температурасын це­ль­сий бағамы бойынша 2 градустан асыр­май ұстап тұруы керек. Бұл ара­да энергетикалық үнемділік мә­се­лесі, әсіресе, дамушы елдерге сал­мақ болмақ. Себебі, бүгінде ауа­ны ластайтын, экологияға көп за­лал келтіретін мұнай-газ бен көмір жа­ғу арқылы энергия өндіріп отыр­ған елдердің дені – дамушы мем­ле­кеттер. Бірақ экология алдындағы жауап­кершілікті дамыған мемле­кет­тердің мойнынан алып тастауға тағы болмайды. Дамыған елдердің индустриялық даму жолында эко­логиялық талаптарды ескермей, Жер­дің ластануы мен ысуына қан­­шалықты кері әсер еткені тарих­тан белгілі. Бүгінгі таңда көмірқыш­қыл газын көп шығаратын Қытай, Үн­дістан, т.б. алпауыт әрі халқының әл-ауқаты төмендеу елдердің эко­ло­гиялық таза энергия көздеріне кө­шуі үшін қандай шаралар қолда­нылуы керек әрі бұл үшін кім ақша шығындайды деген сауал ғалым­дар­ды қатты мазалайды. Түптеп кел­генде, мәселенің бір қыры қыр­уар қаржы мен жеке мүдделерге бай­­ланып тұрғандай.
Біздің еліміз бұл экономика түріне көшуді сол шетелдерден тәжірибе алмасып, үлгі алып, оң тәжірибелерін жүзеге асыруы керек. 2017 ж. елімізде өткен «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі де осы жасыл экономика тақырыбында өткізілді. 2018 ж. 17-18 мамырда өткен Астана экономикалық форумында экономикалық өсу, ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, адамдардың ұзақ өмір сүруі, қарды төңкерісі, жаһандық қауіпсіздік сияқты жаһандық үрдістер сөз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет