А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді Дамудың қозғаушы күші жастар



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі74,5 Kb.
#92469
  1   2   3
Байланысты:
Каз яз №1


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Дамудың қозғаушы күші - жастар
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Бүгінде, 3D-принтинг секілді жаңа технологиялар мен салалар, онлайн сатылымдар, мобильді банкинг, сандық қызметтер прогрессивті жастардың арқасында кең ауқымда даму үстінде. Себебі, жастар жаңашылдыққа ұмтылады, өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысады. Жас адамдар жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделеді. Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуде, кейде әлемдік дамудың алдын алуға бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде. Үш тұғырлы тілді меңгеруге, заманауи ІТ-технологиясын енгізуге, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда.
Мемлекеттік жастар саясатының жетістігінің өзіндік көрсеткіші ретінде республикамыз жеткен жетістіктерді айтуға болады. Мысалы, TIMSS рейтингі қорытындысында Қазақстан 2015 жылы мектептегі оқыту сапасы бойынша әлемдегі 15 үздік мемлекеттер қатарына енген. Біздің жастар академиялық білім деңгейі бойынша АҚШ, Англия, Германия, Австралия, Израиль, Швеция, Польша, Малайзия, Түркия және тағы басқа елдердегі замандастарынан озық. Жастар арасында спорт және өнер саласында біздің республикамызды бүкіл әлемге танытып жүрген танымал жастар аз емес. Олардың қатарында – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Қайрат Ералиев, Еламан Ерғалиев, Димаш Құдайберген және т.б. Жыл сайын жаппай марафонға, спорт мерекелері мен додаларына қатысатын жастар саны артуда, олар өз денсаулықтарын сақтап, бекітіп және өзара қарым-қатынас орнатуға, пайдалы уақыт өткізуге ұмтылуда. Мысалы, Қазақстанның 200 мыңнан астам жас азаматтары тоғызқұмалақпен айналысады. (208 сөз)





Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет