1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Ұлттық қауіпсіздік: ұғымы және түрлері



бет28/92
Дата10.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#135888
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

27. Ұлттық қауіпсіздік: ұғымы және түрлері. Ұлттық қауіпсіздіктұлғаға (жеке адамға), қоғамға және мемлекетке төнген ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді болдыртпауға, жоюға бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданған шаралар жүйесі.
ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 ж. 6 қаңтардағы заңда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiадамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi.


ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің түрлері: қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік.

1) Қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі (азаматтардың, қазақстан қоғамының қорғалуының жай-күйі).

2) Әскери қауіпсіздікәскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы, ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі;

3) Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.

4) Экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет