Азаматтық қоғамның белгілері: 1)адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толық қамтамасыз етілуі; 2) өзін-өзі басқару (ұйымдардың, бірлестіктердің өзін-өзі басқаруы); 3) азаматтық қоғамды құрайтын адамдардың түрлі құрылымдары мен топтарының бәсекелестігі; 4) ерікті түрде қалыптасатын қоғамдық пікір мен плюрализм; 5) адамның ақпаратқа деген құқығының іс жүзінде қамтамасыз етілуі және тұрғындардың жаппай ақпараттануы; 6) экономиканың көп укладтығы, меншіктің түрлі формалары; 7) биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты; 8) құқықтық мемлекеттің болуы; адамдардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттің мықты әлеуметтік саясаты.