Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) саяси тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық жақтары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған тәртіпті айтады. Тоталитаризмнің негізгі белгілері: биліктің шағын топтың немесе бір көшбасшының қолына шамадан тыс шоғырлануы, мемлекеттің қоғамдық өмірдің барлық салаларына араласуы, толық бақылауда болуы, бір идеология, бірпартиялық жүйе, барлық БАҚ-тың билікке тәуелді болуы, жазалаушы мекемелер жүйесінің болуы, кез келген оппозицияны басу, азамат-дың жеке өмірінің бақылауда болуы. Тоталитарлық тәртіп КСРО-да, фашистік Германия, Италияда болған.
Авторитарлықтәртіп деп биліктің бір адамның немесе шағын топтың қолына шоғырланған және биліктің қоғамдық өмірдің басқа салаларында араласпайтын, толық бақылау жасамайтын тәртіпті айтады. Ол тоталитаризм мен демократияның арасындағы жағдайды иеленеді. Авторитаризмнің негізгі белгілері: биліктің бір қолға шоғырлануы, халықтың билікті жүзеге асырудан шеттетілуі, қоғамдық өмірдің басқа салаларына толық бақылаудың болмауы, элитаның жоғарыдан тағайындалу арқылы қалыптастырылуы. Авторитарлық режимдер негізінен Азия, Азия, Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Авторитарлық режимдердің түрлері: әскери режимдер, дәстүрлі абсолюттік монархиялар, азаматтық диктатуралар, теократиялық режимдер. Әскери режимдер (2-дүниежүзілік соғыстан кейін дамушы елдерде – Таиланд, Индонезия, Тайвань, Египеттегі Насер режимі, Ирак, Аргентинадағы Перон режимі, Перу т.б. елдерде пайда болды), дәстүрлі абсолюттік монархиялар (1974 ж. дейінгі Эфиопия, 2007 ж. Непал, Марокко, Сауд Аравиясы), азаматтық диктатуралар (Латын Америкасы елдеріндегі олигархиялық режмидер), теократиялық режим (Ирандағы А. Хомейни режимі).