7. Азаматтық қоғам: түсінігі мен міндеттері (функциялары). Азаматтық қоғам кез келген нағыз демократияның, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Ол демократияның қалыптасуына ықпал етіп, оны сақтаудың, нығайтудың кепілі. Мемлекетте тоталитаризмнің дамуының басты қарсыласы азаматтық қоғам болып табылады. Азаматтық қоғам – қоғамның өмір сүруінің барлық саласында ерікті түрде құрылған мемлекеттік емес құрылымдар (бірлестіктер, ұйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар) желісі арқылы көрінетін демократиялық мемлекеттерде қалыптасып, дамитын адамзат қауымдастығы және мемлекеттік емес экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, діни т.б. қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғам – дамыған, жетілген қоғам, ол адамның жан-жақты, қысымсыз дамуына мүмкіндік береді.