1.Бәсекелік қабілет. Қазіргі кезде және болашақта жеке адам, тұтас халық бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жете алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, не болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсынуы. Бұл материалдық, білім, қызмет, зияткерлік өнім, сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» т.б.бағдарламалар–қазақстандықтарды ХХІ ғасырға даярлайды.