1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-басымдық – адами капитал сапасын жақсарту



бет152/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163
4-басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау.IT-білімді, қаржылық сауатты­лықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.

Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі. Қазақ тілінің басымдығы сақталып, оның әрі қарай дамуына көңіл бөлінеді. Бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің, мұғалімдердің деңгейі, ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек. Биыл «Баршаға ар­налған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

Денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс беруші­лердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негіз­делген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы­ларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсы­нылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топта­ры­ның қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы. 2017 ж. 1 шілде­ден бастап зейнетақы 20%-ға арттырылады. Базалық зейнетақы тағайындау 2018 ж. 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек. 2017 ж. 1 шіл­деден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәр­демақы көлемі 20%-ға өсіріледі.


Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет