1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Саяси партиялар: түсінігі, міндеттері мен түрлері



бет18/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   163
8. Саяси партиялар: түсінігі, міндеттері мен түрлері. Саяси партия – белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, өз мақсаттарын мемлекеттік билік үшін күресу және оны қолдану арқылы жүзеге асыруға тырысатын азаматтардың ерікті түрде ұйымдасқан тобы. «Партия» сөзі латын тілінен шыққан, «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді, яғни қоғамның бір бөлшегі.

Партияның саяси өміріндегі маңызы оның міндеттерінен (функцияларынан) көрінеді: үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және біріктіру; саяси бағдарламаларды жасау; саяси әлеуметтену және қоғамдық пікірді қалыптастыру; саяси идеология мен қоғамның даму бағдарламасын жасау; саяси элита қатарын толықтыру және көшбасшыны ұсыну (көптеген елдерде үкімет және үкіметтік органдар туралы саяси партиялар мүшелерінен қалыптасады, президенттер, премьер-министрлер билеуші партияны басқарады); сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу (негізгі функциясы); билікке келу арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және биліктің қызметін бақылау; партияның қатарын мүшелермен толықтыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет