Саяси партиялардың түрлері. Саяси партияларды жіктеудің көптеген өлшемдері бар: 1) Партияның ұйымдық құрылымы, мүшелерінің саны, сипатына қарай партиялар кадрлық (нақты саясатшының маңына топтасқан мүше саны аз партия) және бұқаралық (мүшелерінің саны көп, жоғары деңгейде ұйымдасқан, идеологиясы, нақты мүшелері бар) деп бөлінеді; 2) Партияның саяси жүйедегі алатын орнына қарай билеуші және оппозициялық партияларды ажыратады; 3) Партияның күресу әдісіне қарай конституциялық және революциялық партияларды ажыратады; 4) Партияның идеологиялық негіздеріне қарай оңшыл (жеке меншікті сақтайтын күшті мемлекетті жақтаушылар) және солшыл (қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер үшін күресіп, еңбекші халықтың мүддесін қорғаушылар) деп бөледі. 5) Саяси идеологиясына қарайпартиялардың негізгі 5 түрін көрсетуге болады:коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы; коммунистік; социал-демократиялық; буржуазиялық-демократиялық (либералдық); консервативтік; фашистік.