1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет31/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Саяси мәдениет жалпы қоғамның мәдениеті, топтық мәдениет және жеке адам (индивид) мәдениеті түрінде көрінеді. Қоғамның саяси мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ол тарихи тәжірибе, халықтың ұлттық мінезі, әлеуметтік-саяси және экономикалық факторлар кешенімен, елдің геосаяси жағдайының, табиғи факторларының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Қоғамның саяси мәдениетінің элементтеріне саяси дәстүрлер, идеялар, концепциялар, саяси тәжірибе нормалары кіреді. Қоғамның саяси мәдениеті халықтың ұлттық мінезі, менталитеті ерекшеліктерін есепке ала отырып, нақты бір қоғамды (ағылшын, неміс, орыс, қазақ) сипаттайды, сондықтан түрлі елдердің саяси мәдениеттерінің ерекшеліктерін көрсетуге болады. Мысалы, АҚШ-тың саяси мәдениетінің негізгі белгілеріне дарашылдық, өз күшіне ғана сену, демократияны мүмкіндіктердің теңдігі деп түсіну, еркіндікті сыртқы мәжбүрлеудің (оның ішінде үкімет тарапынан да) болмауы, бостандық идеяларын қорғауды жатқызады. Зерттеушілер америкалықтардың ешқашан жерді қорғамайтындығын, олардың бостандық үшін күресетіндігін атап көрсетеді. Бостандық пен америка халқының құдайдың таңдауы түскен халық екендігі туралы идеялар АҚШ-тың сыртқы саяси доктринасынан да көрініс тапқан. Қазақстанның саяси мәдениетінде жерді қорғау және оның аумақтық тұтастығы идеялары басым болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет