17. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі. Сайлау – демократияның ерекше белгісі, атрибуты, оның өзегі, қажетті шарты, мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру әдісі, халық еркінің көріну әдісі.
Қазақстанда сайлау туралы қатынастар Конституциямен, ҚР-дағы сайлау туралы заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасында сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.
Сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді және бәсең сайлау құқығы. 1. белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай да бір үміткерді жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы; 2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы лауазымдарға сайлану құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |