Индивидтің (жеке адамның) саяси мәдениеті жалпыұлттық мәдениеттің әсерімен және саяси өмір туралы жеке тәжірибе мен білімдердің нәтижесінде, яғни саяси әлеуметтену барысында қалыптасады.
Саяси мәдениеттің құрылымы: саяси сана мәдениеті (саяси түсініктер, көзқарастар, қондырмалар, құндылықтар, дәстүрлер, әдет-құрыптар, нормалар); саяси мінез-құлық мәдениеті (қатысу мәдениеті, саяси қызмет мәдениеті); саяси институттардың қызметі барысында көрінетін мәдениет (саяси шешімдерді қабылдау мен іске асыру мәдениеті, саяси ұйымдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу мәдениеті, әлеуметтік-саяси жанжалдарды қабылдау мен реттеу мәдениеті).
Саяси мәдениеттің Г.Алмонд пен С.Верба бойынша түрлері: патриархалдық (тұрғындардың саясатқа деген қызығушылығының болмауы, билікке сөзсіз бағынуы, саяси және діни, әлеуметтік бағдардың араласып жатуы), бодандық (тұрғындардың саяси өмірге аз қатысуы, биліктің беделін мойындауы, билікке құрметпен немесе жағымсыз тұрғыдан қарау және белсенді (азаматтық, демократиялық, яғни азаматтардың саяси жүйеге жағымды немесе жағымсыз тұрғыдан қарауына қарамастан, саясатқа белсене араласуы).
Достарыңызбен бөлісу: |