2. Тең сайлау құқығы – сайлаушылардың (таңдаушылардың) сайлауларға тең негізде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы.
3. Төте сайлау құқығы – Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтардың тiкелей сайлауы. Тікелей – бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.
4. Жанама сайлау құқығы – Сенат депутаттарын таңдаушылардың - маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азаматтарының сайлауы. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiзде қатысады және бiр дауысы болады.
5. Жасырын дауыс беру – сайлаушылардың Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуін, ерікті, дербес түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жоюды білдіреді.