6. Еркін сайлау қағидасы– азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.
Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады:мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйесі. Мажоритарлық жүйе бойынша көпшілік дауыс санын алған үміткер сайланды деп есептеледі. Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша Қазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы: әрбір саяси партия парламентте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына сай келетін мандаттар санын иеленеді. Бұл жүйеде сайлаушылар дауысын нақты үміткерлерге емес партиялық тізімге береді.