21. Құқықтық мемлекет: ұғымы және қағидаттары (принциптері). Құқықтық мемлекет деп құқық пен заңның жоғарылығы қамтамасыз етілген, заң мен тәуелсіз соттың алдында барлығы тең саналатын, жеке адамның құқығы мен бостандықтары мойындалатын және оған кепілдік берілетін, ал мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуының негізіне биліктің бөлінуі принципі алынатын мемлекетті айтады. Жалпы алғанда құқықтық мемлекет деп құқық, заң заң үстемдік ететін мемлекетті айтуға болады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері: 1) заңның жоғарлылығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдігі; 2) заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандарттарға (нормаларға) сәйкес келуі; 3) азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы және тұлғаның (жеке адамның) еркін дамуы; 4) мемлекет және жеке адамның өзара жауаптылығы; 5) биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, бұл қайсы бір органның билікке монополиясына жол бермейді; 6) соттардың тәуелсіздігі.