Мемлекеттің түрлері: 1) басқару формасына байланысты: монархия (Англия, Жапония, Испания), республика (Қазақстан, Франция); 2) ұлттық-аумақтық құрылысының формасына байланысты: унитарлық (Қазақстан, Франция, Италия), федеративтік (АҚШ, Ресей, Үндістан), конфедеративтік (АҚШ (1781-1789), Швейцария (1815-1848), Гамбия мен Сенегал (1982-1989) болған); 3) саяси режиміне байланысты: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық; 4) бағытына қарай: құқықтық, әлеуметтік
19. БАҚ – «төртінші билік» құралы. Бұқаралық ақпарат құралдары – арнайы техникалық құралдар арқылы ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және көпшілікке таратумен айналысатын әлеуметтік мекемелер, қазіргі заманның маңызды әлеуметтік институты, ол қоғамдық өмірдің барлық саласына – саясатқа, денсаулық сақтау, білім беру, діни істер т.б. ықпал етеді.
БАҚ түрлері: баспасөз (газет, журналдар), кітаптар, баспа агенттігі, радио, телеведение, кино, аудиожазбалар, ғаламтор, әлеуметтік желілер.
1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атаған. Мемлекеттік биліктің үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы, сот) белгілі бір өкілеттілігі бар. Оларға бұл өкілеттілік заң бойынша берілген. Ал БАҚ-тың ешқандай нақты билігі жоқ, яғни оның қандай да болсын әрекетті күштеп мәжбүрлеуге заңды құқығы жоқ, мысалы, айыппұлды төлеткізуге. Алайда іс жүзінде БАҚ билік орындары сияқты іспен емес, бұқараға ақпарат, сөз арқылы әсер етеді, ал бұл бұқара үшін өте күшті ықпал болып табылады, ақпарат арқылы адамдардың өміріне ықпал етеді. Яғни БАҚ адамның санасын, ақыл-ойын билеп төстейді (басқарады), сондықтан оның билігі мемлекеттік биліктің заңды үш тармағынан кем түспейді. БАҚ-тың күші соншалықты, ол тұтас халықтарды белгілі бір ойларға бағдарламалай алады. БАҚ қоғамға, адамның санасына үлкен ықпал етеді, соған байланысты оны «төртінші билік» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |