6) Экологиялық қауiпсiздiк – қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.
28. Ұлттық мүдде: ұғымы және мазмұны.Мүдде – ұғынылып, түсінілген объективті қажеттілік, яғни мүдде қажеттіліктен туындайды. Ұлттық мүдде деп өз халқының, ұлтының-мемлекетінің мақсат-мүддесін қажеттіліктерін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Ал ұлт дегеніміз, кең тараған түсінік бойынша – тұрақты экономикалық біртұтас өмір, тілі, мәдениеті мен дәстүр ерекшеліктері, жеке және топтық сана, дербес сана-сезім арқасында өзін басқалардан ажыратып, белгілі бір ұлттық қауымдастыққа санайтын белгілі бір мемлекеттің азаматтары немесе тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы.