1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет55/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   163
Социал-демократия идеологиясы жұмысшылар, еңбекшілер мүдделерін білдіреді. Басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Реформалар арқылы еңбекші таптың жағдайын жақсартуды көздейді.

Коммунистік идеология жұмысшы табының идеологиясы. Социалистік революция арқылы билікке жұмысшы табы келуі тиіс. Бұл идеология жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатуды жақтайды. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды.

Фашизм идеологиясы басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу тәсілдерін толық бақылау, соғысқа дайындалу, көсемшілдік т.б. идеялары кеңінен тарайды.
26. Қазақстан Республикасы мемлекеттік идеологиясының негізгі элементтері.

Мемлекеттік идеология - болашаққа бағдар беріп, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, коммунизм идеологиясы жойылды, ел жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау мәселесіне кезікті. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан-2030» стратегиясы (1997), Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды. Қазақстандық мемлекеттік идеологияның негізгі құндылықтары ретінде демократиялық құндылықтар алынды, олар: адам құқығы мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, көппартиялық, плюрализм, нарықтық экономикамен үлестірілген икемді әлеуметтік саясат, патриотизм (отаншылдық).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет