32. Саяси қақтығыстар: түсінігі және түрлері. Саяси қақтығыс – әлеуметтік қақтығыстың ерекше формасы болып табылады, ол – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси қақтығыс – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі.
Саяси жанжалдардың себептері мыналар болуы мүмкін:
- саясат субъектілерінің қоғамның басты құндылықтары мен идеалдары туралы, қалыптасқан жағдайды бағалаудағы және қоғамның даму перспективалары туралы көзқарастарындағы келіспеушіліктер. Мұндай жанжалдар билік пен оппозиция арасында, кейде биліктің өз ішінде де орын алуы мүмкін;
- тиімсіз, нәтижесіз саясат жүргізіп, билік қате шешімдер қабылданған кезде билеуші элита мен қоғам арасындағы қайшылықтар;
- саясат субъектілерінің ұлтаралық және дінаралық жауласуды саналы түрде, әдейі тұтандыруы;
- әлеуметтік топтардың (адамдардың өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни қауымдастықтың мүшесі ретінде сезініп) өз саяси статусын көтеруге деген ұмтылысы.
Достарыңызбен бөлісу: |