Интеграциялаушы-дезинтеграциялаушы функциясы бiр қарым-қатынаста жеке адамдарды, топтарды, институттарды бiрiктiредi, ал басқасында бөлектендiредi. Интеграция тұлғаның, жеке әлеуметтiк топтардың, мекемелердiң және жалпы қоғамның тұрақтылығына, орнықтылығының сақталуына септессе, дезинтеграция олардың әлсiреуiне әкеледi.
Дiн мәдениеттiң құрамдас бөлiгi бола отырып, мәдениет тасымалдаушы функция атқарады. Ол мәдениеттiң белгiлi бiр қабаттары – жазбаның, кiтап баспасының, өнердiң дамуына септеседi, дiни мәдениет құндылықтарының қорғалуы мен дамуын қамтамасыз етедi, жинақталған мұраның ұрпақтан ұрпаққа берiлуiн жүзеге асырады.
51. Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің жалпы сипаттамасы. Дүние жүзі халқының көпшілігі, негізінен әлемдік үш дінді – ислам (суниттер мен шейіттер); христиандық (католик, православие, протестант), буддизмді ұстанады, бұларды дәстүрлі діндер деп атайды. Бұл діндердің әрқайсысын қазіргі кезде әлемнің миллиардтан астам халықтары ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |