Азаматтық қоғамның функциялары: 1) адамдардың жеке өмір сүру саласын қорғау (биліктің адамдардың жеке өміріне араласпауы, азаматтар мен олардың бірлестіктерін, мүдделерін қорғау); 2) құқықтық мемлекет пен биліктің бөлінуінің конституциялық принциптерінің сақталуын бақылау арқылы саяси биліктің абсолютті үстемдігін тежеу; 3) қоғамдық қатынастар мен процестерді тұрақтандыру, мемлекеттік және қоғамның коммерциялық саласының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету (мемлекет пен қоғамның арасындағы тепе-теңдік, екеуі бір-бірінен басым болмауы тиіс); 4) қоғамдық мүдделерді қорғау және алға жылжыту (коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар, бірлестіктердің бүкіл қоғам мүддесін қорғауы); 5) құқықтық мемлекеттің конституциялық принциптерін өмірге енгізу үшін әрдайым бейбіт түрде күрес жүргізу.