Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм
орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам
бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой
өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да
Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік
Италия мен Германиядаорнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық,
авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси
құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-
жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: