1. Саясаттану ғылым ретінде


 Саяси қайшылық түсінігі мен типтері



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата29.11.2022
өлшемі473,38 Kb.
#53425
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде

35. Саяси қайшылық түсінігі мен типтері 
Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік 
тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-
жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас 
субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, 
саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, 
сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. 


Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр 
түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан 
алуандылығынан туындайды. Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-
рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды 
бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі 
айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні - билік, өкілеттілік, т.б. 
Саяси қақтығыстар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде 
қақтығыстарға негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. 
Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы 
мүмкін. 
Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: қақтығысты мәмілеге келу арқылы бейбіт 
жолмен шешу. Мәміле деп даужанжалға қатысушы тараптардың өзара кешірімділік 
білдіріп, ымыраға келуін айтады; зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір 
жақтың күші айтарлықтай басым болып, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып 
жібергенде туады. Тараптарды татуластырудың ең кең тараған түрі - келіссөздер. 
36. ҚР билік тармақтары 
Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік 
тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. 
Атқарушы билік 
Үкімет 
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында 
парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол 
атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 
2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып 
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап 
Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып 
табылады. 
Заң шығарушы билік 
Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен 
Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын 
қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы 
мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен 
сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. 
Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – 
бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент 
президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің 
бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір 
палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген 
дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен 
бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді 
ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы 


сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік 
комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады. 
Сот билігі 
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып 
табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар 
қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот 
төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық 
және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың 
қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық 
сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 
адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет