«Партия» термині латын тілінен алынған, қандай да бір тұтастықтың бөлігі, ірі
қауымдастықтың бөлігі деген мағынаны білдіреді. Саяси партияларға қатысты болғанда
сөз қоғамның қандай да бір тобының мүддесін меже тұтатын, барынша ұтымды
ұйымдастырылған әрі белсенді бөлігі туралы өрбиді.
Қазіргі заманғы саяси партиялардың ең жалпы көріністегі, саяси ғылымдарда айтарлықтай
кең тараған анықтамасы мынау болып табылады: «Саяси партия – бұл қоғам бөлігінің
мүдделерін білдіретін және олардың артикуляциялануы мен жүзеге асырылуын өздерінің
міндеті санайтын, мемлекет жүйесінде әрекет ететін ұйым. Партия осы мүдде негізінде
саяси билікті жеңіп алу және жүзеге асыру үшін күрес жолына түседі».
Саяси партиялардың генезисі көне дәуірлерден бастау алады десек те, олардың саяси
қозғалыстардың институционалдану деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленетін айрықша
шынайы тарихы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бастапқы кезеңіне сәйкес
келеді. Қазіргі замандағы бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың екінші
жартысында қалыптасты.
М. Вебер саяси партиялар тарихы кезеңдерінің төмендегідей классификациясын ұсынды:
1) аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
2) саяси клубтар;
3) бұқаралық партиялар.
Алайда, барлық кезеңдерден өту міндетті емес. Көпшілігі бұқаралық партиялар ретінде
бірден құрылды. Осыған орай, мәселен, А. Боднар котерий және клубтар кезеңдерін
кемелденген кезінде бар болғаны бұқаралық ұйым ретінде көрініс беретін саяси партиялар
тарихының бастауы деп есептеуді ұсынады. Дамудың барлық кезеңдерінің классикалық
формаларынан ағылшынның либералдық (виги) және консервативтік (тори)2 партиялары
өтті.
Қазіргі заман үлгісіндегі саяси партиялардың құрылуы ХХ ғасырдың басына сәйкес
келеді. М. Дюверженің пікірінше, партиялардың тарихы парламенттік бірлестіктер мен
сайлау
комитеттерінің пайда болуымен байланысты. Француз ғалымының айтуынша, саяси
топтардың, ал жекелеген жағдайларда партиялардың шоғырлану арқылы бұрынғыдан да
қуатты одақтар құру мүмкіндіктері бар. Түрлі топтардың бірігуі ішкі және сыртқы
факторлардың әсерінен орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: