1. Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны



бет2/4
Дата12.06.2023
өлшемі27,35 Kb.
#100752
1   2   3   4
Байланысты:
емтихан саясаттану және әлеуметтану

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

14.Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер


Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл)деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви) да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады. 


Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы: 


  • Бихевиористік – билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі. 


  • Телеологиялық (teleos - мақсатқа жеткен + logos - ұғым, ілім) – билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету мүмкіндігі. 




  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет