Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматгардан тандаған жөн.
17. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.
«Саяси көшбасшы» саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда көшбасшы белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.
Көшбасшы – халықтың, қоғамның, топтың және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ, билік пен көшбасшылық қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебі көшбасшы өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, көшбасшылықтың негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен – ерікті болуымен ерекшеленеді.
Саяси көшбасшы – қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.
Саяси көшбасшы белгілі бір әлеуметтік топтар мен халықтың топтарының мүдделерін жарықтандырады және жүзеге асырады, ал адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне әсер ете отырып, әлеуметтік қоғамдастықтың маңызды реттеушілерінің бірі болып табылады. Саяси оқиғалар, түбегейлі өзгерістердің қарқыны, нысандары, мерзімдері айқын жеке бояуға ие болған кезде, ел дамуының бетбұрыс, өтпелі кезеңдеріндегі саяси көшбасшының рөлі ерекше маңызды. Реформалардың жалпы бағыттары, дамудың өркениетті жолына шығу жолдары мен құралдары нақты қайраткермен байланысты.
Саяси көшбасшы деп айналасындағылардың күш-жігерін шоғырландыруға тырысатын және қабілетті және ол белгілеген және алға қойған мақсаттарға жету үшін осы процеске (аумақ, қала, аймақ, ел шегінде) белсенді әсер ететін саяси процестің кез-келген қатысушысы деп санауға болады; ол қоғамдық өмірдің танымал және ықпалды қатысушысы, оған қатты әсер етеді, адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін күш-жігерін шоғырландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |