1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет58/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси процестің жіктелуі
Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік кұрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал-әрекеттерін, басқару түрлерін айкындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ыкпалының деңгейін керсетеді.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялык түрінде халық тікелей немесе өкілдері арқылы ел билейді. Антидемократиялык, процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.

16. Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары.
Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Әрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі. Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек. Р.Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін.
Әлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір-бірлерін «бітіспес жау» деп санамай, керісінше, әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек.
Кез келген ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет