1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Әлемдік саясат және әлемдік саяси үрдіс



бет64/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

18. Әлемдік саясат және әлемдік саяси үрдіс
Дүниежүзілік саясат – халықаралық қатынастар субъектілерінің бір-біріне қатысты іс-әрекеттеріне де, жаһандық мәселелерді шешуге де, олардың әрқайсысының өзінің ішкі мәселелері мен жағдайларына қатысты саясатына да қатысты бөлінбейтін өзара байланысты сала
Халықаралық немесе әлемдік саясат – халықаралық қатынастардың өзегі. Дүниежүзілік саясат – әлемдік қоғамдастықтың өміріне әсер ететін шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процесі.
Қарастыратын мәселелері: ұлттық және этникалық қақтығыстарды басқару, демократия және ұлттық өзін-өзі анықтау саясаты, жаһандану және оның демократиямен байланысы, қақтығыстар мен бейбітшілік зерттеулері, салыстырмалы саясат, саяси экономика және қоршаған ортаның халықаралық саяси экономикасы кіреді.
Мақсаты: әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Бұл саясат сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді.
Сырқы саясат –жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде іс-әрекеттері жатады.
Халықаралық саясатқа Мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы. ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, алар салмағы.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет