1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет15/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Шоқан, Ыбырайлармен қатарлас қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартугысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев та өмір сүрді. Ол барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Абай Құнанбаевтың (1845-1904) басты философиялық, этикалық шығармасы «Қара сөздерінің» идеялық мазмұнын талдау арқылы ойшылдың саяси көзқарастарына айқын баға беруге болады. Ол қазақ қоғамындағы мәдени-әлеуметтік құндылықтарға, яғни білімге, сенімге және адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөлді. Бұл құндылықтарды жоғары дамыту үшін қазақ халқы өзге елдердің ең жоғарғы, пайдалы құндылықтарын үйреніп, қабылдауы қерек деп есептеген еді. Ал бұл мақсатқа жету күшті биліктің көмегінсіз жүзеге аспайды, себебі тұрақты саяси билік ғана халықтың өзіндік санасын көтеріп бірлікке, татулыққа бастай алады. Абай билік иелерінің өктемшіл, әміршіл психологиясы мен билікқұмар білімсіз байлар тобын өз өлендерінде қатты сынға алған болатын:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын» .
Қазақ халқының еркіндігінің, тәуелсіздігінің болмауы, қазақтың салт дәстүріне сәйкес қалыптасқан мемлекеттік басқарудың жойылуы - Абайдың ойынша, қазақ қоғамында күшті билік қалыптастырудың өзіндік кедергілері мен қиындықтары болып табылған. Сонымен қатар, ойшыл қазақтың кемеңгер хандары Қасым, Есім және Тәуке қалаған ата-баба заңдарының құндылығына, өзіндік артықшылығына жоғары баға береді. Абай да қазақ халқы үшін жаңа әлеуметтік жағдайларды ескере отырып дәстүрлі билер сотын сақтап қалу қажет деген пікірде болған. Абай творчествосында адам дүниетанымы, тұлғаның әлеуметтенуі, өз халқының ерекше қасиеттері сияқты көптеген ерекше саяси, әлеуметтік ойлар кездеседі. Ойшыл тұлғаның әлеуметтік мәнін анықтайтын негізгі екі қасиетті көрсетті: адамның ақыл-ойы және еңбек қызметі, осы екі қасиет адамның басқа тіршілік иелерінен өзгешілігін, артықшылығын айқындайды. Сонымен қатар халықты ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымаққа шақырады. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескертіп, заман талабына сай еңбек етіп, сауда мен кәсіпті меңгеруге кеңес берді. Бұдан қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған Абай атамыз екенін ұғынамыз. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері әлі күнге дейін өз мағынасын жоймады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет