Курстық жұмыстың мақсаты: Септік жалғауларының мағынасын қарастыру.
Міндеттері:
Жалғаулардың тарихи морфологиясын білудің әдісі мен көздерін талдау;
Септіктердің қызметі мен грамматикалық мағынасын қарастыру.
Зерттеу нысаны: қазақ тіліндегі септіктер
Зерттеу пәні: теориялық және әдіснамалық тұрғыдан қазақ тілінің септік жүйесін анықтау және сипаттау.
Бұл жұмыстағы негізгі зерттеу әдістері талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, салыстырмалы тарихи әдіс болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Септік жалғауларының қалыптасуы
1.1 Жалғаулардың тарихи морфологиясын білудің әдісі мен көздері
Ғылыми зерттеулерде салыстыру әдістемесінің қалыптасқан жүйесі мыналарды ескереді: бір тілдің әртүрлі тарихи кезеңдеріне қатысты проблемаларды салыстыру. Бұл жерде тарихи мәнмәтінде ежелгі қыпшақ тілінің фактілерін қазақ тіліне баламалы фактілермен салыстыру көзделеді.
Сонымен, салыстырудың бірінші кезеңі бір тілдің әртүрлі тарихи кезеңдеріне қатысты материалдарды қарастырудан басталуы керек. Тарихи зерттеулердің басты шарты - салыстырмалы фактілер тілдің бір саласына ғана тиесілі болуы керек және мағынасы мен функциялары бойынша бір-біріне тең болуы керек. Бұл кезең ежелгі ескерткіштер мен қазіргі тіл арасында ғана емес, сонымен бірге қазіргі тілдің құрамындағы архаикалық элементтерді оларға балама фактілермен салыстыру арқылы жүреді.
Э.Р. Тенишев тарихи зерттеулерге сүйене отырып, ежелгі түркі бірлестігін екі кезеңге бөледі: 1) ежелгі түркі бірлестігі (ерте жалпы түркі кезеңі) және 2) кейінірек түркі бірлестігі (соңғы жалпы түркі кезеңі).
Достарыңызбен бөлісу: |