1 сәуір күні досыңызды алдау Дауысыңызды өзгертіп, досыңызға қоңырау шалыңыз. Ол жауап берген сәтте өзіңізді радио жүргізушісі ретінде таныстырып, оның нөмірі "ұтысты нөмірлер" қатарына кіргенін хабарлаңыз. Егер барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе, 1000000 теңге ұтып ала алатынын ескертіңіз. Досыңыз сұраққа жауап беруге дайын болған сәтте бірнеше жеңіл сұрақ қойыңыз. Ол сұрақтарға досыңыздың дұрыс жауап берері анық. Мұның артынан досыңызды қомақты ақша ұтып алуымен құттықтаңыз! Есі шыға қуанған досыңызды ең соңында күлкі күнімен құттықтап қоюды ұмытпаңыз!
Күлкі күніне арналған әзілдер топтамасы
Жуынатын бөлмедегі сабынды түссіз лакпен бояңыз. Ол әбден кепкеннен кейін, күнделікті орнына қойыңыз. Сабынды қанша үйкелесең де көпірмейді. Ал енді үй ішіндегілеріңіз таңертең жуынып көрсін!
Тіс щеткасына көк түсті тағамдық бояғышты тамызып қойыңыз.
Қылжақтағыңыз келген адам ұйықтап жақтан сәтте бетіне сурет салып, шеберлігіңізді танытыңыз. Ұйқыдан оянып, жуынатын бөлмеге бармайынша өз кейпіндегі өзгешелікті аңғармасы анық. Лакпен боялған сабынмен қалай жуынар екен? Бұл ең қызық сәт десек те болады. Айтпақшы, тіс жуған кезін де назардан тыс қалдырмаңыз!
Отбасы мүшелерін алдау Бір үйде тұратын адамдарды алдау оңайдың оңайы іспетті. Себебі алдаудың түрлі мүмкіндіктеріне иесіз. Анаңызды немесе әпке-қарындасыңызды душ себезгісіне тағамдық бояғыш немесе сорпа текшелерін салып қою арқылы алдауыңызға болады. Таңертең душ қабылдауға барған отбасы мүшелеріңізді душ себезгісінен аққан сорпа немесе түсті су таңқалдырмай қоймасы анық.
Ал көптеген аналар отағасы мен балаларын таңертеңгілік ас кезінде алдайды. Сүтке желе қосып немесе таңғы асқа піспеген жұмыртқаны беріп жататындары бар.
Ағалы-бауырлар мен әпкелі-сіңлілер де кейде таңғы ас кезінде бірін-бірі алдайды екен. Қораптағы құрғақ таңғы астың орнына мысыққа арналған тағамды алмастырып қоятындары да болған. Оған қоса бір-бірінің арқасына түрлі қалжың сөздер жазылған қағаздар жапсырып, түнде бетін тіс пастасымен, опа-далаппен бояп, отыратын орындықтарына түрлі заттар қойып арқылы алдап, күлкі күнімен құттықтайды.