6-C0002 Абдуллах Өздемир – Бағжылар ауданының әкімі. 02. 40-04. 05



бет1/8
Дата11.11.2022
өлшемі36,41 Kb.
#49357
  1   2   3   4   5   6   7   8

6-C0002 Абдуллах Өздемир – Бағжылар ауданының әкімі.


02.40-04.05

Қазақ отандастарымыз Бағжылардың бұрыннан келе жатқан тұрғындары дей аламыз. 1952 жылы Аднан Мендерестің министрлер кеңесінде жасаған шешімімен, Алтай өлкесінен көшкен. Көш кезінде Гималай тауларында да бірнеше отбасының шаңырақ көтергендігін де білеміз. Өте қиын, ауыр сапардан соң, Бағжыларға үш жүзге жуық отбасы қоныстанған.


Қазақ отбасылары, қазақ отандастарымыз – ауданымыздың ең маңызды, ең ерекше ұлттардың бірі. Олар әлі күнге дейін өздерінің мәдениеті мен өмір салтын сақтап келеді. Қазақ азаматтарымыз Бағжылар ауданының көркін келтіруде. Олар тұратын аймақтарына, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени салаға да өзіндік ерекшеліктерімен айқын үлес қосуда.
Осы аймақта орналасқан Қазақкент мешітінің құрылысы аудан әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. .Бұған қоса, ауданымыздағы жергілікті қазақ бауырларымызға және қазақ еліне арнап, көштің 50 жылдық мерейтойына ескерткіш орнаттық.
Өткен айда, көштің 70 жылдық мерейтойын, Ыстамбұлда тұрып жатқан барлық қазақ бауырларымыздың қатысуымен және Бағжылар ауданы әкімшілігінің қолдауымен үлкен пикник алаңында іс-шара ұйымдастардық. Шынымен де мәні бар, жақсы бір бағдарлама ұйымдастырдық.


5.50-06.06

Бұл көштен Бағжыларға қоныстанған отандастарымыздың саны сегіз мыңға жуық. Қазіргі уақытта көште болған, көшті көрген 15 қариямыз әлі де Бағжылар ауданында тұрып жатыр.




06.12-06.25

Осымен қатар, қазақ елінде таэквандо спортының символы болған марқұм Мұстафа Өзтүрк атындағы саябақ ашылды. Халық қызметіне ұсындық.




6-С0003 Өмер Арысой – Зейтінбұрны ауданының әкімі


01.20-02.50

Бұл жыл қазақ түркілерінің Түркияға көшінің 70-жылдығы. Зейтінбұрнында бұл көштің тарихы 1952 жылындан бастау алады.


Түркиядағы бауырларымызды қабылдаған үш қонақжайдың біреуі біздің ауданымызда орналасыпты. Бұл қонақжай қазіргі уақытта қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың алаңында ауданда орналасып және дәл осы жерде «Зейтінбұрнының көш тарихы» басталады.
Зейтінбұрнына қоныстанған адамдарды, яғни бұл жерге ең алғаш көшіп келгендерді танитын едік. Қазіргі уақытта қоныс аударғандардың үшінші буыны осы жерде өмір сүруде.
Сондықтан біздің қазақ қандастарымызбен 1952 жылы басталған байланысымыздың, бауырластық дәстүрі бар. Бұл жерде қазақ мәдениеті және қазақ салт-дәстүрін көре аласыздар. Жалпы қазақ мәдениеті Зейтинбұрныны ауданына қатты әсер еткен.
Зейтинбұрнында қазақтар көп шоғырланған. 1950 жылдан бастап көшіп келген бауырларымыз, олардың балалары, екінші, үшінші буындарындағы қазақ бауырларымыз әр кезеңде аудан мәжіліс мүшесі ретінде басқару ісіне араласып келді. Әкімдердің орынбасарлары болғандар болды. Саясатта бірге жүрген достарымыз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет