СӨЖ 9 Шаруа қожалықтарын құру кезінде шаруашылықаралық жерге орналастыру мәселелері.
1. Шаруа қожалықтарын құру кезіндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру ерекшеліктері. Қазақстанның қазіргі заманғы агроөнеркәсіптік өндірісінде жүргізіліп жатқан нарықтық қайта құрулар нәтижесінде шаруашылық жүргізудің әртүрлі нысандары пайда болды. Шаруашылық жүргізудің және материалдық игіліктер өндірісін ұйымдастырудың алуан түрлерінің ішінен ғылыми зерттеу үшін неғұрлым ең маңыздысы шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылады.
Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының негіздері, оларды құру әдістері және типтері қарастырылған. Қазіргі заңдылық бойынша шаруа қожалықтарына үлестері мына жерлерден беріледі: бұрынғы мемлекеттік ауылшаруашылық жұмысшыларына және ұжымшар мүшелеріне сол шаруашылықтардың жерлерінен; Қазақстан Республикасының басқа азаматтарына - аудандық арнайы жер қорынан немесе босалқы жер қорынан беріледі; босқындарға, эмигранттарға - арнайы жер қорынан немесе эмигранттық қордан беріледі.
Республикадағы жергілікті жағдайларға байланысты шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастырудың келесі әдістері мүмкін екендігі анықталды: аудандық арнайы жер қорынан немесе босалқы жер қорынан беру, жер үлесін бөлу, жеке қосалқы шаруашылықтың жер пайдалануын кеңейту, реформаланатын ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер беруі, жерді жалға алу жолымен және осы әдістердің жиынтығы. Шаруа қожалығының әр түрлі орналасуына және негізгі жер теліміне байланысты қоныстану (поселенческий), кебек (отрубной) және хуторлық типтегі шаруа қожалықтары дамуда. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған жерге орналастыру жобаларының түрлері мен мазмұны ашылды. Шаруа қожалықтардың жерге орналастыруының кешенді жобасының құрылымы ұсынылды.
2. Жер учаскелерін заттай бөлу және жерге құқығын куәландыратын құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңына сәйкес жеке тұлғаларға берілген жер учаскелерінің құқық белгілейтін құжаттар Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен белгіленген жер учаскелері құқытарының өзгеруін ескере отырып заңды күшін сақтайды.
Мұндай құжаттарды жер учаскесі құқығы мен жер пайдалану құқығын белгілейтін құжаттарға ауыстыру құқық иегерінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Бұрын қолданыста болған заңнамаға жеке тұлғаға иелік ету және пайдалану құқығына берілген жер учаскесіне құқық куәландыру құжаттарын қайта ресімдеу туралы өтінім жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өкілетті органға беріледі.
Өтінішке:
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат, ал ол жоқ болған жағдайда – осы учаскені берген атқарушы органның шешімі;
Зерттеу барысында жер учаскесінің шекаралары, оның алаңы, нысаналы пайдаланылуы өзгергені анықталған жағдайда бұл өзгерістер жергілікті атқарушы органмен қайта бекітуге жатады.
Жер учаскесіне құқық куәландыратын құжатты дайындау жұмыстары өтініш берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуді өтініш беруші жер учаскенің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу органында жүргізеді.