1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
00052844-bcfe0cda

 

 

 



57 

 

Қорытынды 

Дипломдық  жұмысты  жазу  барысында  ақпараттық  технологияларды 

қолданудың  теориялық  негіздері  пайымдалып  «танымдық  қызығушылық» 

ұғымына  анықтама  бердім.  Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру 

жүйесіндегі  алатын  орны  айқындалып,  ақпараттық  технологиялардың  түрлері 

анықталды.  Зерттеу  барысында  негізделген  теориялық  қағидалар  және 

оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  негізінде  жүргізілген 

тәжірибелік  зерттеу  жұмысы  нәтижесінде  алынған  мәліметтер  зерттеудің 

дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік 

береді: 

   


-  Қоғамның  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  ғылым,  білім 

салаларындағы  өзгерістерге  байланысты  орта  мектептердегі  оқушыларға  білім 

беру сапасын қайта қарап, жақсартуды талап етеді; 

   


- Танымдық әрекеттегі белсенділік компоненттерін бір арнаға біріктірген 

тиімді  болады:  мотивациялық,  еріктік,  мазмұнды-операциялық,  бағалау- 

нәтижелік; 

   


-  Оқу  үрдісінде  оқушылардың  танымдық-белсенділігін  қалыптастыру 

жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.  

   



Оқушылардың 



танымдық 

белсенділігін 

қалыптастыратын 

педагогикалық шарттар  жиынтығы  мен  тиімді  әдіс-тәсілдерді,  оқытудың  түрлі 

формаларын  қолдану  арқылы  оқушылардың  білім  деңгейін  көтеріп,  танымдық 

ой-өрісін 

арттыруға 

болатынын 

эксперимент 

жұмыстарының 

қорытындыларынан көруге болады.

  

   



Дейтұрғанмен,  шет  тілін  оқыту  үдерісінде  жеткіншектерді  шет  тілін 

ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып  оқыту  мәселесіне  жете  көңіл 

бөлінбегендігі,  шет  тілінің  пән  ретінде,  атап  айтсақ,  ағылшын  тілінің,  білім 

беру  саласында  маңыздылығын  жете  түсінбеуі,  шет  тілі  пәнінің  тәрбиелік 

мүмкіндіктері  жете  қарастырылмағандығы  анықталды.  Бұл  мәселені  мақсатты 

түрде  шешу  үшін  шет  тілі  пәнінің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін,  оның  әдіс-

тәсілдерін  дамыту  жолдарын  жете  зерттеп  талдау  қажеттігі  туындайды. 

Көпұлтты  және  көпконфессиялы  Қазақстан  мемлекетінде  жаңа  сипатқа  ие 

болып отырған ақпараттық құзыреттілік мәселесін Қазақстан Республикасының 

ұштұғырлы саясатымен ұштастыра жүргізуді міндеттейді.

 

Дипломдық  жұмысымызда  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 



қалыптастыруда  өзіндік  жұмыстың  маңыздылығын  зерттей  келе  мынадый 

ұсыныстар туындады: 

-  Мектептегі  жоғары  сынып  оқушыларына  конференциялар,  дебаттар, 

дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек. 

-  Өзіндік  жұмысқа  бейімдеудің  дидактикалық  жүйесін  тиімді  жүзеге 

асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап, іске ендіру керек. 

-  Оқушылардың  танымдық  белсенділігі  мен  өзіндік  жұмыстарын  дамыту 

барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау. 

-  Оқушының  қабілеті  мен  білімін  көтеру  мақсатында  оқу  жоспарларын 

жасау. Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.  




58 

 

Қоғамның  әлеуметтік  дамуына  сай,  келешекте  білім  берудің  жаңа 



технологиясына  сай  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастырудың 

әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді. Сонымен 

қатар  оны  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлауда  жеке  проблема  ретінде 

арнайы зерттеуге болады.  

Зерттеу  нәтижесінде  алынған  оқушылардың  ақпараттық  тәрбиелілік 

деңгейінің  сандық  және  сапалық  көрсеткіштері  салыстырылып  біз  ұсынған 

жүйенің тиімділігіне көз жеткіздік. 

Зерттеудің  мақсаты,  нысаны,  пәні,  болжамына  сәйкес  келесі  міндеттері 

орындалды:  шет  тілі  сабағында  ақпараттық технологиялар  негізінде  оқытудың 

танымдылық  белсенділігін  арттыру жолдарын анықтадық. 

-  шет  тілі  сабағында  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  теориялық 

негіздерін ашып көрсеттік; 

- психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «танымдық-

қызығушылық»  ұғымы толықтай тоқталып  өттік; 

- ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесіндегі алатын орны; 

- ақпараттық технологиялардың түрлері; 

- шет тілін оқытудың негізгі принциптер;і  

- ақпараттық технологиялардың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін 

анықтау; 

-  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  оқушыларына  ағылшын  тілін  оқыту 

үдерісінде  оқушыларға  шет  тілін  ақпараттық  технологияларды  қолдана 

оқытудың теориялық негізін айқындау және мәнін ашып көрсету. 

Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан 

оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды 

жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  – 

өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. 

Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау 

қабілетін  қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 

заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары 

деп есептейміз. 

Демек,  болашақ  педагогтар  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай,  жедел 

ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті, 

нақты  бағыт-бағдар  беруші  болып  шығуы  –  бұл  қазіргі  заманның  талабы.  Ол 

үшін  әрбір оқытушы  мүмкіндігінше  сабақта  АКТ-ны  қолдануы  қажет.  Зерттеу 

барысында АКТ -ны сабақта пайдаланудың тиімді жолдарын айқындадық: 

1) Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; 

2) Ақыл-ойын дамытады; 

3) Шығармашылық белсендігін арттырады; 

4) Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; 

5) Тіл байлығын жетілдіреді; 

6) Жан-жақты ізденушілігін арттырады. 

Қазіргі  заманның  ақпараттық  технологиясын  оқушыға  игерту  –  бүгінгі 

заман талабы. Оны жүзеге асыру – әрбір шет тілі мұғалімінің міндеті.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет