ЛОГИКАЛЫҚ
ОЙЛАУ
Көрнекiлiк әсер
арқылы ойлау
Образдық бейне
арқылы ойлау
МӘН
ЖАҒЫНАН
ТЕОРИЯЛЫҚ
ПРАКТИКАЛЫ
Қ
ОЙДЫ МЕҢГЕРУ ЖӘНЕ
ЖЕТIЛДIРУ
ҚАЙТАЛАУ
ТҰРҒЫСЫНДА
ШЫҒАРМАШЫЛ
ЫҚ МӘНДЕ
СӨЗ АРҚЫЛЫ
ОЙДЫ ДАМЫТУ
ПIКIРЛЕС
IШТЕЙ ТҮСIНУ,
СӨЗ АСТАРЫН
ТАНУ
35
ондағы мағлұматтарды бiлгiзiп, оны қайталап, пысықтап, меңгерту. Ал
инновациялық оқыту – iс-әрекет барысында оқушының қабiлетiн оятып, түрлi
ситуация туғызу арқылы олардың жаттандылықпен шектелiп қалмай өзiнше
ойланып, өзiнше әрекеттенуiне бағдар берiп, iс-қимылға талпындыру. Бейнелi
түрде айтқанда оқушыны үнемi қолынан жетектеп жүру әдетiнен айықтырып,
олардың өзiнше әрекеттене алуына бейiмдеу көзделедi. Мұның нәтижелiк
көрсеткiшi оқушының бiлiмдiк мағлұматты жәй ғана, бiр сәттiк тұрғыда
қабылдап, айнала берiп ұмытылып қалатындай болмай, саналы да тиянақты
игеруiне ықпал етiп, меңгерген бiлiмнiң мән мазмұны оған қызмет етерлiктей
болуға тиiс. Оқу еңбегiндегi бiлiм берудi жаңаша ұйымдастыру мен оның жаңа
технологиясы жөнiндегi ЮНЕСКО жобалаған болжамға жүгiнсек, оқушыларға
игертiлетiн бiлiм, бiлiкте ескерiлуге тиiстi мәселелер ішінен мыналарды
ерекшелеп көрсетуге болады;
- Оқушының iс-әрекетi өзiнше ойлай бiлуге, шығармашылық дербестiкке
бағдарлайтын бастамшылыққа – инициативтiк бейiмделуге тиiс.
- Қазiргi мектеп оқушысы дербес түрде оқи алатын, бәсекелестiкке де түсе
алатын және топпен, ұжыммен бiрлесiп, одақтасып оқи алатындай болуға
тиiс.
- Сыныптас оқушылар орындаған және өзi атқарған iс-әрекеттi дұрыс
бағалай бiлу – шәкiрттiң бiлiм-бiлiк тәжiрибе алуына жол ашады.
- Алынған ақпаратты ойға қондырып, көңiлiнде елестетiп дұрыс ұғынуда
тиiстi деректi оқи бiлу, құлық қойып тыңдай алу және ауызша, жазбаша
жұмыстарды орындап, компьютердi пайдалануда коммуникациялық
тоғысуға мән беру парыз.
- Логикалық ойлай бiлуде оқушының тиiстi мәселенi дәйектi деректермен
нақты дәлелдеп пайымдауда индуктивтiк, дедуктивтiк әдiстердi пайдалана
алуға баулу.
- Келелi мәселенi – проблеманы шешуде осы проблеманы туғызып отырған
себептердi ажыратып және оның салдары жөнiнде талдап, талқылай бiлуге
жаттықтыру.
- Проблеманы шешудiң мүмкiндiктерiн талдап және оның әртүрлi жолдары
бар екендiгiне ой жүгiртiп, тиiстi пайымдау барысында шешiм қабылдай
бiлуге баулу.
- Қабылдаған шешiмнiң мақсатына орайлы келетiн деректердi сұрыптай бiлу
және оны пайдалану үшiн ақпараттарды жинастыру мен оны пайдалана
алуға үйрету.
- Көздеген мақсатқа жету жолында атқарылатын жұмыстың кестесiн жасап
оны орындаудың жобалық жоспарын жасауға баулу.
- Жаңа бiлiмдi игеру мен оның нәтижелi болуы оқи бiлуге оқытумен бiрлiкте
шешiледi.
- Барлық құндылықтарды меңгерудiң кiлтi тiлдi бiлiп, оның мән мағынасын
терең ұғынып, пайдалана бiлуге тәуелдi болғандықтан қызығушылық
дағдысын қалыптастыру шарт.
- Әлемдiк деңгейде қойылып отырған бұл шарттарды жүзеге асыруда тiл
36
пәндерi арқылы берiлетiн бiлiм тиянақты болуы үшiн сөздiң мәнiн
терминдердiң мазмұндық сыр-сипатын дұрыс түсiне бiлу керек. Олай болмаған
жағдайда дұрыс түсiнiк, танымның өзi терiс болып көрiнуi ықтимал.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін,
мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім жүйесі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Мұғалімдерге қойылатын
талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса
қажетті
технологиялардың бірі
– ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы
заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан -
жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде
қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері,
ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан -
жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына
енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және
техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ,
дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті
есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары,
көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық
ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика
жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде
ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- Интерактивті тақта;
- Мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
37
-
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу,
пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
-
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни
елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты
табу қасиеттерін дамыту;
-
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа
және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ
уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив
оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны
меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу
үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін
ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің
тәжірибесі
көрсеткендей,
дәстүрлі
емес
сабақтарды
ұйымдастыру
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер
оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді
түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне
видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, саяхат-сабақ және т. б.
жатқызуға болады.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
1) Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
2) Ақыл - ойын дамытады;
3) Шығармашылық белсендігін арттырады;
4) Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
5) Тіл байлығын жетілдіреді;
6) Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің
өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны
пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман
талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды
пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға
мүмкіндік береді.
АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін
кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар
АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға,
білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу
жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық
деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін
марапаттай алу қызметінен де байқалады.
Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа,
нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге
назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу
38
барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс
шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады,
мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу
қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып
табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация
құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына
салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу
құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына
және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан
оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік,
дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса,
екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы
сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық
технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты
теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы
қабылдайтынын жақсы білеміз.
Қорыта
келгенде
оқушылардың
ағылшын
тілі
пәніне
деген
қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды
меңгеруді,
әр-түрлі
әдіс-тәсілдерді
білуді
қажет
деп
санаймыз.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша
көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас
ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса
алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім
беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.Оқу
үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану,
әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде
білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының
жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына
сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық –
коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз
мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап,
ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Достарыңызбен бөлісу: |