1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Несеп жүйесі. Морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді



Pdf көрінісі
бет82/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104
47. Несеп жүйесі. Морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді 
дамуы мен шығу көздері. Бүйрек. Бүйректің қыртысты және милық 
затының құрылысы. Нефрон. Нефрондардың және жинақтаушы 


түтікшелердің гистофизиологиясы. Бүйректің қанмен қамтамасыз 
етілуі.
 
Несеп шығару жүйесі –
бұл организмнен зиянды заттарды шығаратын, сутұз 
алмасуын реттеуге қатысатын (гомеостазды қалыптастыру) жән эндокриндік 
қызметті
(бүйректе эритропоэтин және ренин гормондары өндіріледі) 
атқаратын ағзалардың жүйесі болып табылады. Несеп шығару жүйесінің 
ағзалары құрамына: несеп түзетін жұп ағза − бүйрек және несеп шығару 
жолдары − тостақшалар, түбек, несепағар, қуық, несеп шығару каналы кіреді. 
Эмбриондық кезеңде бүйрек мезодерманың нефротом (сегмент аяқшалары) 
бөлігінен дамып, үш кезеңнен өтеді:
−алғашқы бүйрек 
- 8
–10 сегмент аяқшаларынан дамиды, несеп өндіру 
функциясын атқармайды кері дамуға ұшырайды;
−біріншілік бүйрек бүйрек денешігінің капсуласы мен капилляр шоғырлары 
қалыптасады;
−тұрақты бүйрек ұрықтық дамудың 2–ші айынан басталып нәресте дүниеге 
келгенше жүреді. Мезодерманың сегменттелмеген каудалды бөлігінен 
нефрогенді тін және мезонефральді түтік қалыптасады. Нефрогенді тіннен 
бүйректің өзекшелері дамиды. Мезонефральді өзектен несепағар, бүйрек 
қуыстары мен тостағаншалары, жинақтау түтіктері дамиды. 
Бүйрек –
үздіксіз несеп түзіп отыратын жұп мүше. Қызметі: несепөндіру
және
заттек алмасуының
соңғы өнімдерін шығару, тұз –
су 
алмасуын реттеу, қышқыл–
сілтілік тепе
-
теңдікті тұрақтандыру, эндокринді 
(ренин, простогландин, эритропоэтинді бөлу). 
Бүйрек жұпты ағза, сыртқы беткейінен талшықты дәнекер тінімен, ал оның 
беті тығыз сірлі қабықшамен жабылған . Әрбір бүйректе қыртысты және 
милық бөлікті ажыратамыз . Қыртыстық бөлігі қызғылт қоңыр түсті және 
капсула астында орналасқан . Милық бөлігі ашық түсті 8 –12 пирамидаға 
бөлінген . Пирамида төбелері бүйрек қуысына шығып тұрады . Даму 
бүйректің қыртысты заты ұлғайып барысында пирамида аралығына кіріп 
бүйрек бағаналарын құрады . Милы бөлік қыртысты бөлік ішіне қарай кіріп 
сәулелер түзеді. 
Бүйрек стромасын дәнекер тіні (қантамырлар мен нервтер), ал паренхимасын 
(нефрондар) эпителий тіні қалыптастырады. Бүйректің структуралық–
функциялық бірлігі нефрон болып саналады, әрбір бүйректе 1 млн нефрон 
болады.


Бүйректің қыртысты бөлігін 3 нефрондардың бүйрек денешіктері, түрлі 
иректі проксималды өзекшелері, иректі дисталді өзекшелері, ЮГА 
аппаратының компоненттері қалыптастырады. Бүйректің милық бөлігін 
проксимальді тік өзекшелері, жіңішке өзекшелері, дисталды тік өзекшелері, 
жинақтау түтіктері қалыптастырады.
Бүйректің структуралық–функциялық бірлігі болып нефрон саналады. Ол 
шумағының капсуласынан капиллярлар (Боумен–
Шумлянский) және бүйрек 
өзекшелерінен
тұрады. Капсуладан проксималды өзекше шығып, ол 
проксималды иірімді және тік өзекшеге өтіп, нефронның проксималды 
бөлімін түзеді. жіңішке проксималды тік өзекше нефронның өзекшесіне 
жалғасады, олар өз кезегінде ілмектің жіңішке төменгі және жуан жоғарғы 
бөліктері деп бөлінеді. Жіңішке өзекше тік және иірімді дисталды өзекшеге 
өтеді. Дисталды бөлім жинағыш түтікшелерге (нефрон құрамына кірмейді), 
ал олар пирамида тұсында ашылады. 
Бүйрек денешігі қантамырлар шумағы және капсуладан (Боумен–
Шумлянский) тұрады. Қантамырлар шумағы әкелуші және әкетуші 
артериола аралығында орналасқан фенестрленген 25–50 шақты қан 
капиллялар торынан тұрады. Фенестрленген қан капиллярлар қабырғасы 
эндотелиймен жабылған. Эндотелийде саңылаулары бар және олар 3 қабатты 
базалды мембранада орналасқан. Базалды мембрананың ішкі және сыртқы 
қабаттары ашық түсті, ал ортаңғысы тығыз күңгірт түсті. Базалды мембрана 
қан
капилляр эндотелийі мен капсуланың ішкі эпителийіне ортақ болады. 
Қан капиллярлары аралығында дәнекер тінде мезангиялық жасушалары 
орналасқан. Шумақша капсуласының пішіні бокал тәрізді және ол ішкі және 
сыртқы жапырақшадан түзілген, аралығындағы қуыстан нефронның 
проксималды өзекшесі басталады. Капсуланың ішкі жапырақшасы 
подоциттермен жабылған, олар әрбір қан капиллярларын жан–жағынан 
қоршай
жауып орналасқан. Подоциттер –
пішіні дұрыс емес, эпителиалды 
жасушалар. Жасуша денесінен ірі біріншілік өсінділері –
цитотрабекулдар, ал 
тарайтын ұсақ екіншілік өсінділер –
цитоподиялары 3 қабатты базалды 
мембрананың сыртқы бетіне бекінеді. Араларындағы фильтрациялы 
саңылаулары сүзгі
функциясын атқарады. Осы сүзгі арқылы қан плазмасы 
сүзіліп, 1–лік несеп түзіледі. Подоциттің функциясы: гломерулярлы базалды 
мембрана компоненттерін синтездеу; қан капиллярындағы қанағымын 
реттейтін заттек бөлу; фагоцитоз. Капсуланың сыртқы жапырақшасы жалпақ 
немесе текше тәрізді эпителиймен жабылған. Бұл нефронның проксималды 
өзекшесіне
өтеді. Екі жапырақша аралығында капсула қуысы бар. 


Нефронның проксималды бөлімі 2 бөлімнен: иректі (ұзын) және тік (қысқа) 
өзекшелерден
тұрады. Өзекше қуысы бірқабатты призмалық жиектелген 
эпителиймен жабылған. Функциясы:реабсорбция, 1–лік несептен қанға 
ақуыз, глюкоза, электролит, су кері сорылады; органикалық қышқылдар 
секрециясы жүреді; экзогенді заттардың экскрециясы жүреді. Нефронның 
жіңішке өзекшесі бірқабатты жалпақ эпителиймен жабылған . 
Эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық түсті, органеллалары және 
ферменттері аз ғана мөлшерде. Жасушаның ядросы бар бөліктері өзекше 
қуысына
қарай шығыңқы болып көрінеді. Функция –
пассивті түрде 1–лік 
несептен судың кері сорылуы жүреді, ал жоғарлаушы бөлімдегі өзекшеде 
электролиттер сорылады. Нефронның бұл бөлімі жіңішке төменгі және жуан 
дисталды тік өзекшелерден қалыптасқан және ол нефрон ілмегі немесе Генле 
ілмегі деп аталады. Нефронның дисталды бөлімі 2 бөлімнен тік және иректі 
өзекшелерден тұрады. Қабырғасы бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді 
эпителиймен жабылған. Оның апикалды бөлімде жиектері болмайды
базалды бөлімде қатпарларымен сызықша түрінде орналасқан 
митохондриясы болады және цитоплазмасы мөлдір болады.
Жинақтау түтікшелері нефрон құрамына кірмейді. Қыртысты бөлікте 
жинақтау түтікшелер қабырғасы бірқабатты кубты, ал милы бөлікте 
бірқабатты төменгі цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған. Күңгірт түсті 
жасушалары тұз қышқылын секреттейді, ашық түсті жасушалары тұрақты
несептен пассивті түрде суды кері сорады. Пирамида тұсында ашылатын 
жинақтаушы түтікшелерінен несеп шығару жолы басталады. 
Бүйрек қақпасына кірген артерия бөлікаралық, доғалық, бөлікшеаралық, 
бөлікшеішілік артерияларға бөлінеді. Осыдан жоғарыға қыртысты 
нефрондарға, ал төменге милық нефрондарға әкелуші артериолдарға 
тарамдалады. Сондықтан бүйректе шартты түрде екі қанайналым жүйесін 
ажыратады: кортикалдыжәне юкстамедуллярлы. Кортикалді қанайналым 
жүйесінде әкелуші артериолдар бүйрек капсуласына еніп 1
-
лік қан 
капиллярлар торын түзеді. Қан капиллярлар шумағы жиналып бірігуінен 
әкетуші артериолаға айналады. Әкелуші артериола диаметрі әкетуші 
артериоладан үлкен болады, сондықтан капсулаға қан көп келіп аз шығады 
осының нәтижесінде қысым жоғары болуынан сүзілу жүріп, 1–лік несеп 
түзіледі. Әкетуші артериола капсуладан шығып екінші рет нефрон 
өзекшелерінде тарамдалып, перитубулярлы 2–лік қан капиллярлар торын 
түзеді Қысым төмен болғандықтан 1–лік несептен реабсорбция жолымен 2–
лік несеп түзіледі. 2–лік қан капиллярлар торы жиналып жұлдызша тәрізді 
венулаға н/е бөлікшеаралық венаға, доғалық венаға, бөлікаралық венаға, 


бүйрек венасына құяды. 2)Юкстамедуллярлы қанайналым жүйеде әкелуші 
және әкетуші артериолдар диаметрі бірдей болады, сондықтан қысым да 
төмен. Әкетуші артериола тік тамырға өтеді, одан перитубулярлы капилляр 
торына, тік веналарға, доғалы венаға өтеді.Осы ерекшелігіне байланысты 
милы нефронда несеп түзу процесі төмен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет