1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Тері. Эпидермис және дерманың құрылысы. Бүрлі және торлы



Pdf көрінісі
бет81/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
46. Тері. Эпидермис және дерманың құрылысы. Бүрлі және торлы 
қабаттары, олардың тіндік құрамы. Тері бездері. Май бездері, тер бездері 
және сүт бездері. Шаштың құрылысы, дамуы, өсуі және алмасуы. 
 
Тері − дененің сыртқы жамылғысы, организмнің қалыпты тіршілігін 
қамтамасыз ететін маңызды функцияларды атқаратын күрделі ағза болып 
табылады. Терінің функциялары:
1)Тосқауыл −қорғаныштық. Сыртқы ортаның шекарасында орналаса отырып, 
организмді физикалық, химиялық, механикалық, термиялық, биологиялық
және т.б. қолайсыз факторлардан қорғайды;
2) Иммунологиялық. Теріде иммунологиялық реакцияларға қатысатын 
иммунокомпетентті жасушалар болады. Иммунокомпетентті жасушаларға:
лимфоциттер эпидермисте және дәнекер тінде орналасатын, макрофагтар, 
тіндік базофилдер және гранулоциттердің әртүрлері жатады. 
3)Рецепторлы.Терінің беткейінде сыртқы ортадан ақпараттын түсуін 
қамтамасыз
ететін жылуды, суықты, тактилды және ауруды сезетін көптеген 
рецепторлпр бар.
4)Тынысалу. Организмнің барлық газалмасу көлемінен тері арқылы
2% 
мөлшерінде газалмасу жүзеге асырылады. Тері арқылы тынысалу,
қоршаған
ортаның температурасы жоғарылаған кезінде және физикалық 
жұмыс кезінде күшееді.
5) Тұз
-
су, сондай
-
ақ, жылу алмасуға қатысады. Бір тәулікте тері арқылы 500 
мл су бөлінеді. Термен бірге тері арқылы сыртқа әртүрлі тұздар және зиянды 
заттар шығарылып отырады.
Сондай
-
ақ тері 1 л дейін қанды жинақтайды , ультракүлгін сәулелердің 
әсерінен
D витаминді синтездейді және т.б функцияларды атқарады. 
Тері үш бөліктен тұрады: эпидермис, дерма және
гиподерма немесе теріасты
-
май клетчаткасы.
Эпидермис –
көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителий. Жылтыр қабаты 
нашар дамыған. Эпидермис алақан және табанның қалын терісінде бес 
қабаттан (базалды, тікенекті, дәнді, жылтыр, мүйізді), шашпен жабылған 


жұқа теріде−жылтыр қабат болмайды, мүйізді қабаты жұқарады. Тері 
қабаттарында әр түрлі кератиноциттер, Лангерганс жасушалары, 
макрофагтар мен лимфоциттер, меланоциттер мен Меркель жасушалары бар. 
Кератиноциттер

ең жиі кездесетін пішіні призма тәріздес, цитоплазмасы 
базофильді боялатын жасушалар. Онда кератинді тонофиламенттер және 
меланин пигменті болады. Меланоциттер –
нейроглиальді, тармақтары бар, 
тонофибриллалары болмайтын рибосомалар мен меланосомаларға бай 
пигментоциттер. Меркель жасушалары –
эндокринді қызмет атқаратын,
АPUD жүйесіне кіретін ағзада резистенттік қымет атқаратын жасуша. 
Лангерганс жасушалары –
пішіні өсінділі, тармақталған, цитоплазмасында 
белок синтезңне қатысатын органеллалары мен секреторлы түйіршіктері бар 
иммундық қорғаныс қызметін атқаратын эпидермистегі макрофагтар. Енді 
осы эпителийдің негізгі 5 қабатына тоқталып өтсек, базальді қабат –
құрамында
кератиноциттер, меланоциттер, Меркель жасушалары және 
камбиальді жасушалары өзара гемидесмосомамен, десмосомамен және 
жартылай байланысатын ең төменгі қабаты. Тікенекті қабаты –
Лангерганс 
жасушалары мен кератиноциттерден тұратын қабаты. Дәнді қабаты –
негізінен кератиноциттерден тұрады. Жылтыр қабаты –
жарықты жақсы 
өткізіп,жылтырап көрінетін ядролары мен органеллалары жойылған 
кератиноциттерден тұратын қабат. Мүйізді қабаты –
тіршілігін жойған 
кератиноциттер мен корнеоциттерден тұратын мүйізделген қабыршақты 
қабат
.
Дерма –
меншікті терінің дәнекер тінді бөлігі. Ол екі қабаттан тұрады: 
бүртікті және торлы. Бүртікті қабат борпылдақ талшықты
дәнекер тіннен 
тұрады. Осы қабаттың бүртіктері эпидермиске кіріп тұрады және әрі бір 
адамға тән терінің ерекше суретін қалыптастырады. Бүртікті қабат 
эпидермисті қоректі заттармен қамтамасыз етеді. Бүртікті қабатта сезім нерв 
ұштықтары
орналасады.Торлы қабат тығыз қалыптаспаған дәнекер тінмен 
ұсынылған. Коллагенді талшықтар бір бірімен айқасып, тор түзеді. 
Механикалық қысымға ұшырайтын терінің бөлігінде коллагенді 
талшықтардың бұдалары қалын және эластикалық талшықтар аз болады. Тері 
керіліп созылатын жерде (бүгілетін аймақта) коллагенді талшықтар жұқа, 
эластикалық талшықтар көп болады. Торлы қабат терінің механикалық 
беріктігін қамтамасыз етеді. Гиподерма немесе тері асты май қабаты май 
тінінен тұрады. Ол төмен орналасқан тіндерге қарай терінің жылжымалығын 
қамтамасыз етеді, теріге түскен қатты механикалық әсеретулерді 
жұмсартады, организмде жылудын сақтауына жағдай жасайды.


Жалпы тері туындыларына түктер, терідегі бездер мен тырнақ жатады. Адам 
терісінде 3 түрлі бездер болады. Олар сүт, май,
тер бездері. Терідегі тер және 
май бездері ағзадағы жылуды реттеп, теріні кеуіп ктуден сақтайды, зат 
алмасудан пайда болғаг қалдық өнімдерді сыртқа шығарады. Адамдағы тер 
бездерінің саны 2,5 млндай. Ағзадан бөлінген тердің 98% су, 2% 
органикалық бейорганикалық заттар. Жалпы тер бездерінің 2 түрі бар 
апокринді және мерокринді. Ал құрылысына байланысты қарапайым және 
түтікшелі деп бөлінеді. Бездердің секреторлы бөліктерінің жасушалары ашық 
және күңгірт түсті болып келеді. Ашық түсті жасушалар суды, металл 
иондарын, ал күңгірт түстісі органикалық макромолекулаларды сыртқа 
шығарады. Май бездері –
қарапайым,алвеолярлы, тармақталған, голокринді 
секрециясы без. Ол бас, бет, арқа терілерінде көп кездеседі. Одан бөлінетін 
секрет теріні құрғап кетуден сақтап, эпидермис пен туктерді майлап тұрады. 
Шаш немесе түктер –
тері эпителийінің туындысы. Екі бөліктен тұарды: 
негізі және түбірі. Негізі тері үстінде, ал түбірі гиподермада орналасады. 
Түктің негізінің құрамында сыртқы қыртысты заты мен кутикуласы болады. 
Кутикула –шаштың сыртқы қабығы. Мүйізделген, пигменттен айырылған 
жасушадан тұрады. Олар шаш буылтығы жасушасынан дифференцияланады.
Кутикула шаштың иілгіштігін қамтамасыз етеді, оны сыртқы ортаның 
зиянды ықпалдарынан қорғайды. Қыртысты зат

шаштың негізгі заты. Ол 
жасушалардың бірнеше қабатынан тұрады, бұылтықтың камбиалды 
жасушасынан дифференцияланады. Милы заты шаш түбірінің ортасында 
болады, шаш үнгіріне жақындаған сайын біртіндеп жойыла бастайды. 
Буылтықтың ортасында орналасқан жасушасынан пайда болады.
Май 
бездердің деңгейінде жұмсақ кератинге ауысады, жасушалар толықтай судан 
айырылып мүйізді қабыршықтарға айналады. Түбітті шаштарда милы зат 
болмайды. Шаш сыртынан екі қабатты эпителиалды қынаптардан тұратын 
шаш қабымен немесе фолликулмен қоршалған. Оның
ішкі қабаты
мүйізделеді, сыртқы қабаты мүйізделмейді. Фолликул дәнекертінді шаш 
қабымен
қоршалған. Шаш буылтығы митозға қабылетті жас
-
дан тұрады және 
шаштың матрицасы болып келеді, яғни шаштың өсуін қамтамасыз етіледі. 
Шаштың қоректенуі құрамында қантамырлары бар дермалды бүртікпен 
қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет