Күрделі даму кемістігі бар балаларпсихологиясы, екінемесе одан көп даму бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін бағыт. Бұл саланың негізгі мақсаты - күрделі бұзылулары бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу оларға, олардың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек беру жолдарын қарастыру мен жүзеге асыру.
Арнайы психологияның негізгі категориялары :
Коррекция – психолого-педагогикалық және емдеу –сауықтыру шараларының жүйесі. Бұл жүйе баланың психикасының және дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.
Компенсация – орнын толтыру, бұл күрделі, көп деңгейлі процесс.мұнда зақымданған және жоғалған функцияларды қалпына келтіру мен алмастыру енеді.
Әлеуметтік бейімдеу – бұл кемтар балаларды әлеуметтік ортаға қосу.
Реабилитация – кемтар баланың қоғамда өмір сүруге бейімделуі.