Тифлопсихология – көру қабілеті зақымданған адамдардыңдаму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторы қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын, ақпарат кемшілігінің орнын толтыратын компенсаторлық әдістердің қалыптасуын, бұл кемістіктің психикалық дамуға тигізетін ықпалын зерттеп қарастырады. Көру қызметі зақымданған балаларға көрсетілетін тиімді түзету (коррекциялық) педагогикалық көмектің психологиялық негіздерін оларды қоғамға бейімдеудің әлеуметтік-психологиялық негіздерін құрайды.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы, қимыл-қозғалыс дамуы қалыпты және бұзылған балалардың, жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қарастырады, психикасының дамуындағы өзгеше ерекшеліктерді зерттейді, кемістіктің психикалық дамуға тигізетін әсерін жеңуге жағдай жасайтын компенсаторлық мүмкіндіктерді ашады, балалардың дамуына ықпал жасайтын психологиялық негіздегі коррекциялық тиімді әдістерді қарастырады.
Логопсихология — алғашқы кемістік ретінде, сөйлеуінде бұзылуы бар адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін, арнайы психология саласы. Логопсихологияның міндеті - әртүрлі тілдік патологиялары бар адамдардың, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру, тілдік кемістіктерге ерте жастан психологиялық коррекция жасау, алдын-алу әдістемелерін даярлайды.
Ерте жастағы балалардың аутизмі (ЕЖБА) бар балалар психологиясыныңқарастыратын мәселесі–эмоционалды-еріктесаласының бұзылуы салдарынан, әлеуметтендіру және бейімделу қиындықтарына ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық көмек беру жүйесін құрастыру.
Мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы.Бұл бөлімтұлғалық дамуында әрәрлі дисгармониялық белгілер кездесетін, балалар мен жасөспірімдерді қарастыруға арналады.
Арнайы психологияның бұл бөлімінің негізгі міндеттері - бала дамуының патологиялық белгілерін ерте жастан анықтауға бағытталған әдістерді даярлау; әртүрлі патологиялық даму түрлеріндегі балалар мен жасөспірімдердің психикалық және әлеуметтік дамуының «күшті» және «әлсіз» жақтарын сипаттау; балалық жастағы патологиялық дамуға, психологиялық-педагогикалық коррекция жасау мен алдын-алу әдістерінің жүйесін даярлау.