2) Арнайыпсихология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады. Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психологиялық — педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.
Білім алу қажеттілігі ерекше балалар — бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.
Олигофренопсихология немесе ақыл-ойы кем балаларпсихологиясы – ақыл-ойы кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияның құрамдас бөлігі.
Психикалық дамуы тежелген балалар (жалпы мектептегі үлгермеуші балаларды осы категорияға жатқызуға болады) психологиясының мақсаты – түзету–дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою. үлгермеушілер категориясы екендігін айтады.
Сурдопсихология – есту қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді, оларды компенсациялау мүмкіндіктері мен жолдарын қарастырады, есту қабілеті бұзылған ересек адамдар мен балаларға, педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістерін, психологиялық жағынан негіздеумен, интеграциялы оқыту мен саңырау адамдарды қоғамға енгізудің психологиялық мәселелерін зерттеумен айналысады.