1-ші лекция: Ойлау мәдениеті



бет5/12
Дата19.06.2023
өлшемі499,72 Kb.
#102433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құдайбердiұлы Ш. Үш анық. / Құдайбердiұлы Ш. - Алматы : Қазақстан "Ғақлия" ғылыми-әдеби орталығы, 1991. - 80 с. - (Қаз ССР Ғылым акад.,М.О.Әуезов атын.Әдебиет және өнер ин-ты)

  2. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық / Ғылыми ред. Ә.Нысанбаев. - Астана : Аударма. – 2006 16-ші том : Фарабитану. - 440 с. - ("Мәдени мұра")

  3. Қазақ халқының философиялық мұрасы : Жиырма томдық. - Астана : Аударма. – 2005 2-ші том : Әл-Фараби философиясы. - 480 с. - ("Мәдени мұра")

  4. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. – 2005 3-ші том : Әл-Фараби философиясы. - 496 с. - ("Мәдени мұра")

5-шы лекция: Философиядағы сана мәселесі

  1. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Сананың құрылымы.

  2. Шығыс және Батыс философиясындағы сана мәселесі.

  3. Сана және бейсаналық. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.Г.Юнг).

  4. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.

Сана түсінігі философия саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.


Сана – образға сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ритмдер байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте – анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы»…... Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл – оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым –қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше объект. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, – адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. 
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: 
1) материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну; 
2) идеалистік – сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. 
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. 
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 
1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі). 
2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі.
3) әлеуметтік бейнелеу – қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі...
Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаныңіс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті. 
Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларғабиологиялық түрде тұқым қуалау ар-қылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік интуиция, түс көрулер, гип-нотикалық күйлер және т.б жатады. 
Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.
Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады.
Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап берсек: ол
түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп,
оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен
хабардар болу қажет. Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарымқатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі
жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени ісәрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара
алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Ч. Дарвиннің тұжырымдамасы бойынша маймылдың адамға айналуы. Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин біздің арғы тегіміздің адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегеннен,
еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады. Энгельстің айтуы бойынша, адамның дене және ойлау қабілетінің жетілуінде, миын дамытуында еңбек пен дыбыстың маңызы зор болды. Адамға айналу процесінің
өзі күрделі нәрсе. Мыс, олар алғашында ағаштың басында өрмелеп , секіріп жүріп күн көруге кейіннен жер бетіне түсіп тіршілік етуге, төрт аяқтап жүруге мәжбүр болған. Мұның бәрі тіршілік талаптарынан туған. Бұл жөнінде Энгельс былай дейді: “Ең алдымен өздеріні бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер
атқарауын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болуы керек, бұл маймылдар жермен жүрген де қолдың көмегін ұмыта бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған.” Сөйтіп, күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін қолды төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруынан, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Ол құралдарды күн көру, аң аулау, жауынан
қорғану үшін пайдаланды. Құрал жасаумен шын
мәнісіндегі еңбек ету басталды.
Еңбек құралдарын жасау, оны пайдалану адам
организмінің анатомиялық құрылысына да үлкен өзгерістер енгізді.Мыс, біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті, мойын омыртқалары ерекше жетілді, бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі, ми қабығы
клеткаларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды. Бет
әлпеті өзгеріске ұшырады. Сөйтіп, адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте-бірте өз табиғатын да өзгертті, біртіндеп оның сана-сезімі де өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі, мидың, ми сыңарларының ерекшк дамуына жағдай жасады. Ол психикалық процестерінің мазмұны кеңейіп, адамның
сезім мүшелерінің пацда болуына ықпал жасады.
Сана құрылымы. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты
бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері —
түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңілкүйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған
байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сана туралы тұжырымдар. “Сана дегеніміз- ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және
заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады”,- деп жазды К.Маркс. Сана жеке адамға тән қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Ол екеуі тығыз байланысты . Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп аталады. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес , табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің
заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.
Ғылыми психология, сондай ақ сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орысша
“безсознательное” және “подсознательное” деген сөздермен бейнеленетін осы ұғым философия, психология, өнертану, тарих ғылымдарында жиі
қолданады. Оны ең алғаш енгізген З.Фрейд. Кейбір ғалымдар бұл құбылыс санаға ешқандай қатысы жоқ десе {Лейбниц, Бенске, Лотце, Фехнер}, енді біреулері мұны потологиялық құбылыс деп қарастырады. Саналы
процестермен қатар, санадан тыс құбылыстар
болады [ұйқысырап сөйлеу, түс көру, гипнозға илану т.б]
Қоғамдық сана және жеке сана. Сананың қызметтері. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жекемен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр. 
1) Осы тұрғыдан қарастырғанда қогамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды. 
2) Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан үлестері зор. Яғни, қогамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы жетіліп, дамып отырады. 
3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол қайшы-лықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды. 
4) Қоғамдық сана мен жеке сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні -қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де көрінеді. Бірақ, мұндай 
бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді. 
5) Жеке сана қоғамдық санаға толыгымен кірмейді. 
6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. 
Қоғамдық сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қогамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, адамгершіліктік сана, эстетикалық сана. 
Қарапайым сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды. Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана нақты өмір сүріп отырган адамдардың, қогамның құрамдас элементтерінің санасы, бір тұлганың екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қогамдыц тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қара-пайым уаиым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы. Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады.
Сана мәселесін зерттеуде философияда мына әдістер бар:
физикализм;
солипсизм;
объективтік идеализм;
байсалды материализм.
Физикализм- сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше, өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды және оны физика, өзге жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерімен ұғынуға болады,- дейді.
Физикализм мына деректерге сүйенеді:
адам миы шын мәнінде табиғаттың ең күрделі"механизмі", материя ұйымдасуының жоғары деңгейі;
адам санасы мисыз өмір сүре алмайды, ал ми - биологиялық орган;
адамзат жасанды интеллект- компьютер, яғни материалдық объект жасай алады;
адам организміне, ағзасына медикаментоздық әсердің болуы, оның санасын өзгертуге әкелуі.
Бірақ, физикалистерді сананың идеалдығы тұйыққа тірейді. Адам санасындағы бейнелер материалдық сипатқа, яғни масса, иіс, форма және т.б. ие емес. Соған қарамай физикализм (әсіресе неопозитивизм шеңберінде) кең тараған:
"барабарлық теориясы" (Д.Армстронг, Дж. Смит) - рухани процестерді өзге тәндік процестерге - қан айналым, дем алу, мидағы құбылыстарға телу;
"элиминация" теориясы (Ф.Фейерабенд) - "рух", "руханияттық" ұғымдары ескірген, ғылыми емес, сенушілікке негізделген деп дәлелдеу;
тұрпайы материалистер теориясы (Фохт және т.б.) - "бауыр өтті қалай шығарса, мида ойды солай шығарады".
Солипсизм әдісі– бұл да шектен шыққан көзқарас, жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы (Бұл субъективтікидеализм өкілдері – Беркли, Юм, Фихте және т.б.).
Физикализм мен солипсизм аралығында тұратын көзқарастар:
объективтік идеализм – сананың да, материяның да барлығын мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп ұғынады.
байсалды материализм – сана материяның ерекше қасиеті, жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелуі (идеалдықты да мойындау) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік философияға тән көзқарас.
Сонымен қатар сананың шығу тегі туралы мәселе де күрделі, оның негізгі үш түрін атап өтейік:
сананың ғарыштық (немесе құдаи) пайда болуы;
сана барлық тірі организмдерге тән;
сана – тек адамға ғана тән құбылыс.
Ғарыштық (құдаи) көзқарас бойынша сананы Құдай жаратқан, ғарыштан Жерге келген, біртұтас, бірегей «әлемдік сана» әрбір жеке адамға, тірі организмдерге дарыған, тараған. Осы көзқарасқа жақын өзге де теориялар кездеседі:
монада теориясы – монадология – Лейбництің пікірінше дүниеде бөлінбейтін, мәңгілік, алғашқы рухани бөлшек – монадалар болады, оларда Әлем энергиясы сақталған және монадалар сана мен материяны туындатады;
П.Шарден теориясы бойынша сана – адамнан жоғары тұрған мәнділік, материяның «ішкі жағы», «миы»;
Рейзердің психосфералық теориясы бойынша Галактика – орасан зор парасат, ақыл, ол адам миымен түйісіп оны парасатпен «зарядтайды»;
гилозоизм теориясы бойынша барлық материя (тірі, өлі, алуан түрі) жанданған, жаны бар.
«Биологиялық» көзқараста сана – тірі табиғаттың жемісі және барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Инстинктер тек туа біте ғана пайда болмайды, сонымен бірге жүре біте пайда болады. Жануарларға өзіндік «мораль», тіршілік тәртібі, сапа және т.б. тән.
"Адами" көзқарас тұрғысынан алғанда сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән құбылыс, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктке ие. Бірақ қазіргі заман ғылыми зерттеулер жануарларда да сана элементтерінің болуын жоққа шығармайды.
Бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік философияда сана мәселесін материалистік тұрғыда түсіндіру бейнелеу теориясына сүйенеді. Бұл теорияның мәні: "Сана- объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя - адам миының функциясы, қасиеті. Ол - объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы".
Бұл көзқарастың негізіне Ф. Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі" деген шағын шығармасы арқау болды. Еңбек - адамның мақсатталған қызметі, адамды адам еткен еңбек. Ф. Энгельстің пікірінше сана генезисі, адам эволюциясы шамамен мына кезеңдерден өткен:
онтогенездің филогенезді қайталауы. Тік жүру, аяққа тұру;
отты пайдалану, тамақты сіңіру процесі;
ет тағамы, витаминдер, фосфордың маңызы;
хайуанаттарды қолға үйрету - дайын ет, сүт, жүн, киім -кешек;
өсімдіктерді культивациялау;
көру қабілетін (183°) жетілдіру, зейіннің шоғырлануы;
қолдың рөлі, еңбек құралын жасау; Адам мыңдаған операция жасайды;
еңбек процесі - миды дамытады, сөз бен тілді, сананы жетілдіреді.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: сана, физикализм, солипсизм, жеке сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, т.б.
Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында оны Г. Гегель егжей – тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті, объективті және абсолютті рухтарға бөледі.
Субъективті рух деп біз тарих сахнасыында өмір сүріп жатқан тірі өзіндік сана – сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның психикалық ерекшеліктеріне сай қалыптасып, дамиды.
Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік өауымның мойындаған ортақ құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүниесезімі, көзқарасы, этикалық, эстетикалық, саяси – құқықтық, философиялық т.с.с түсініктері, көңіл – күйі, идеялары жатады.
Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы – ол кемеліне келіп жетіліп, өзінің шеңберіне қайта оралғанабсолюттік идеяның (Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай байланысы жоқ рухы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет