6-шы лекция: Фәлсафа тарихындағы рух және тіл
Антикалық философиядағы рух пен парасаттың космологизмі.
Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух мәселесі.
Ойлау және тіл. XX ғ. философиясындағы «лингвистикалық бұрылыс»: сана философиясы тіл философиясы ретінде.
Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.
Жан — адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік. Жанның заттық қасиеттері жоқ болғандықтан, оны ғылым жолмен тану мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан жан туралы дінде әртүрлі түсініктер қалыптасқан. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы — Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі —. философиясында жан— Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмір болса, тәннен бөлініп “ұшып” кеткен соң, ол “мәңгілік”. О дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан тарихында жантуралы көптеген ғұламалар пікір айтқан. жантәннің формасы деген. Грек философы жан тәннің формасы емес, ол — ақыл иесі дейді. Оның айтуынша ақыл тән де емес, жан да. өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген — түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі — адам. Мұндай жағдайда өсімдік жанның хайуан жанына, одан адам жанына өтуі, немесе керісінше болуы мүмкін емес. Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік. Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған. Жанға қатысты тарихындағы негізгі проблемалар мынандай:
Жанның растығы. Плотин жан субстанция деген. Жанның растығын Платон, Аристотель, ибн Сина, т.б. мойындаған;
Жанжаратылмаған.жанжаратылғанболса, оныңөлімімойындалуыкерек. Жанөлімідегендінде, мифологиядажоқ;
Жанныңмәңгілігі;
Жанныңдаралығы. Жантуралыжазушылароныңдаралығынмойындайды.
Ақыл —адамдыбасқатіршілікиелеріненерекшелейтінаса маңыздықасиет. Ежелгіойшылдареңбектеріндеақылдыңекідеңгейіболатыныайтылады. Ол — пайымжәнепарасат.
— ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
— ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:
Жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;
Ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;
Ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.
Парасат – қадір-, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Әдетте, бұл сөз тілдерімізде сөздерімен қосарлана, қос сөзжасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасат сөзі жастардангөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақажастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат»,- дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парасатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Рух деп біз адамның психикалық өмірінің биік, сапамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз.
2.Ибн-Сина. Аристотель секілді Ибн Сина да рух пен дене арасында өте жақын байланыс бар екендігін айтады. Бірақ Ибн Сина Аристотельдің екі жауһар пікірін теріске шығара отырып, диализмдік көзқарасты қолдайды. Оның рух пен дене турасындағы көзқарасы әрі қызықты ,әрі терең мағынада айтылған. Ибн Сина адам рухының денеге мұқтажсыз бар болу құдіретіне ие болған жауһар екендігін анықтау үшін екі дәлел келтіреді. Біріншісі –өзімшілдік түсінігі, екіншісі ақылдың материалды емес болғанын анықтайды.
Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китапаш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құраалмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады.
Ибн Синаның бұл дәлелі Декарттың «Ойлану қабілетінде болсам, онда мен бармын» деген пікіріне ұқсас келеді. Бірақ бұл жерде маңызды айырмашылық бар. Декарттың пікірінде мынандай бір сұрақ туады: «Менің бар болуым логикалық тұжырым ба, әлде түсіну қабілетінің тікелей нәтижесі ме? Бұл сұрақтың жауабы не болса да, декарттық «түсінік» пен «мен» екеуінің бір нәрсе болғандығын аңғарамыз. Олай болса, меннің түсінігі мен оның болмысының логикасы ретінде бір-бірімен айырылмас халде болғандығы анық.
Ал Ибн Сина болса, «меннің» болмысын түсіне алу себебі мен «менде» түсіну қабілетінің бөлек нәрсе болғанын айтады. Негізінде, Ибн Сина Декарт пен Плотиннің ойынша түсіну қабілеті тек өзін ғана ойлауы емес, сонымен қатар басқаларды да түсіне білу қабілетіне ие дейді.
Дененің бар екендігіне күдіктене отырып, бір дуализмдік түсінік қалыптастыруға тырысқан бұл дәлелді организмнің жалпы функцияларынан рухтың функциялары шыққан дәлелі деуге де болады.
Ибн Сина былай дейді: «Денелік сипаттарды ақылдық функциялардың қайнары болған бір нәрсеге жүктесем, оның бұл сипаттарды қабыл ете алмағандығын байқаймын және осы денелік болмаған болмысты рух деп есептеймін».
Бұл айтылған сөзден байқайтынымыз: жоғарыда айтылған дәлелдің жаңа бір сипатқа ие болғандығы және түсіну қабілеті жаңа бір пікірмен алмасқандығы. Бұған қарай ақылдың және рухтың сипаттар арасындағы айырмашылық бұлардың бір жауһарды иемденуіне мүмкіндік бермейді.
Рухтың бір жауһар болғандығы оның жалғыздықты талап еткендігін білдіреді. Шынында екі доктрина, яғни рухани қабілеттің шынайлығы және рухтың айырылмас табиғаты Ибн Сина тарапынан тереңірек қарастырылады. Ол бұл қабілеттің көптігін, ақыл-ой әрекеттері арасында байланыстың бар екендігін айтады. Сонымен қатар Ибн Сина адамдағы демалу және өсу функцияларының, өсімдіктер мен жануарлардың функцияларына қарағанда өзгеше екендігін айтады. Себебі адамның ақыл-ойы аталмыш функцияларды басқарады дейді.
Мұндай жағдайда рух егеменді бір жауһар болады. Ибн Синаның рухтың өлімсіздігі турасындағы дәлелдері рухтың бір жауһар болғанын және екеуі арасындағы бір мистикалық байланыс аясында денеге байланып қалмағандығын білдіреді. Денемен бірге ортаға шыққан рухта, денемен бірлесу, оны қорғау және оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нақты бір жүйе бар. Ибн Синаның ойынша, рух, табиғат білімдерімен қатар метафизиканың да қарастыратын тақырыбы болып табылады. Болмыс әлемінде әрбір рух пен дене арасында оларды бір-біріне сәйкестендірген бір сыр бар. Бұл сырды түсінсек те, түсінбесек те реинкарнация (рухтың дене ауыстыруы) екендігі мүмкін емес. Негізінен бұл сыр тұлғалық меннің әрі себебі, әрі салдары болып табылады. Сондықтан Ибн Сина екі рух үшін меннің Құдайлық жалғыздықта бірлесуін теріске шығарады және өлімсіздіктің тұлғалық болуы керектігін айтады.
Шəкəрім Құдайбердіұлы. Рухтың денеге әсері қалауы бойынша жүзеге асады. Яғни рух қай уақытта дененің әрекет жасауын қаласа, дене сол уақытта әрекет жасайды.
Жан туралы әртүрлі ағымдарды және түсініктерді қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім де арнаулы зерттеудің объектісіне айналдырған. Ол жазған «Үш анықта» осы жан мәселесі терең зерделенген. Сол себепті жан туралы әртүрлі көзқарастарды сараптау талпыныстарын Шәкәрімсіз талдау жеткіліксіз болар. Шәкәрім жан мен тәндік бастаулардың арасындағы терең байланысты аңғара білген. Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес, «жаратылыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды»; 2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда бір жола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне (индуизмдегідей) ешбір дәлел жоқ; 4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады. Жан мәңгілігіне сенбеу өмірде мән-мағына бар дегенге сенбеумен бара-бар. Адам өлген соң да жаны жоғалмай әлемдік рухпен қосылады деген сенім адамға үлкен сенім ұяландырады. Бұл біздің Шәкәрімді оқығанда алған тәліміміз. Ойшылдың өзі еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар, адамның өзжанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1) Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екенін енанарлық сөз айтатыны. 2) Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фақризм, жындылық кез болатыны. 3) Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу-бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық».
Жан туралы философиялық рефлексияларда «рух тек рух үшін өмір сүреді», «жанның жандылығы оның өзінде» сияқты үлгілерді жиі кездестіруге болады. Бірақ, олар көбінесе рәміздік қызметтер атқарып, адамның болмыс туралы пайымдауларынан туындайды. Осындай пайымдау мүмкін болуы үшін адам жаны мен тәнін, руханилық пен заттылықты ажыратабілуі қажет. Рухани шындықты біздің дүниемізден тек тысқары тұратын әртүрлі абстракциялар мен «транцендентті мәнділіктердің», идеалды объектілерінің жиынтығыдеп те қарастыру адами рухани әлемге жеткізе алмайды. Өйткені, бүкіл адамдық мәдени болмыс рух сәулесімен жарықтандырылған.
Тіл мен ойлаудың арақатынасы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам өз миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тіл единицаларының объективті дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тілдесіп, қатынас жасауы мүмкін де болмас еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері объективті дүние элементтерінің ойда сәулеленетін сигналдар ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Осы процестің нәтижелері адамның тіл арқылы ақпаратты танып білуіне негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, тетігі ретінде, ал ойлаудың тілмен байланысы органикалық бірлік ретінде түсіндіріледі.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы сөз не жазу арқылы жүзеге асады. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын сөйлеу тілі арқылы түсінеді. Ой жарыққа шығып, іске асуы үшін ол тіл материалына негізделіп, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде болуы шарт. Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, айтылған сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ойлау мен тіл бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге бір мезгілде шығып қалыптасқан және онымен бірге дамып отырады.
Ойлау мидың материалдық-физиологиялық процестерімен тығыз байланыста бола отырып, тек тілдің негізінде ғана жарыққа шығады. Осымен байланысты В. Гумбольдт, Б. Уорф, т.б. ғалымдар “тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау бір-бірінен бөлінбейді” деп тұжырымдайды. Сонда тіл мен ойлау бір бүтіннің екі қыры: бірі – материалдық жағы болса, екіншісі – мазмұндық жағы екендігіне көз жеткіземіз. Ал тіл единицаларының мағыналық жағы тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер. Тіл мен ойдың арасындағы байланыс, бірлік олардың тепе-теңдігінің де кепілі бола алмайды. Ойлаудағы мақсат ақиқатты тануға, қоршаған ортаны, болмыстың мәнін түсініп, заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынасын ашуға бағытталса, тіл ойды реттеп, жарыққа шығару немесе қалыптасқан таным-білімді кейінгі ұрпаққа жеткізу міндетін атқарады. Құрылымы мен логикалық формасы жағынан алғанда ойлау – жалпы адамзаттық та, тілдің грамматикалық құрылысы, сөз түрлендіру, сөз туғызу сөйлем құрау заңдылықтары – жеке халыққа, ұлтқа тән стандарттар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, әрбір этникалық топ өкілі өз тілі тұрғысынан ойлайды.
Ойлау мен тілдің өзара тығыз байланыстылығы туралы мәселелерге келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас пікірлердің бар екенін айтуымыз керек. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлау арасындағы байланыстың нақтылы формасы: тіл форма болып, ал оның мазмұны – ойлау болатындығы рас па? деген сауал төңірегінде біз тілдің әр түрлі сапалары – материалдық, дыбыстық жақтары және осылармен тығыз байланысты мағыналық белгілерінің ойлауға қатысы жайында, логикалық және грамматикалық категориялардың өзара ішкі байланысы жайында, сөздің мағынасы мен ұғымның ара салмағы және т.б. туралы ой жүгіртуіміз заңды. Аталған сауалдардың барлығы да лингвистиканың бүгінгі таңдағы күн тәртібіне қойылып та, талқыланып та келеді. Тілге (ойдың материалдық қабығына), біріншіден, – жағынан, ойлаудың абстракт мазмұнының, екіншіден, – қабылдау (восприятие) мен елес (представление), сезінудің, көрнекілік образының қатысы туралы проблема да талқылауды және айырықша назар салуды қажет етеді.
Ойлауды екі түрлі аспектіде қарастыруға болады: зерттеушілер ойлау туралы айтқанда, біріншіден, оны ұғым, пайымдау формаларына тән абстракт (дерексіз) мазмұн, қиялдағы процестер түрінде қабылдайды, екіншіден, қабылдау мен елестің образы тәрізденген сезімдік образдардың мазмұны ретінде таниды. Кейбір мамандар ойлаудың осы аталған екі түрлі жағының тілге катысы бірдей деп есептейді. Олардың пікірінше, тіл қабылдау мен елестің образдарымен тікелей байланыста болатындықтан, сөз ұғымды ғана білдірмейді, сонымен бірге елесті де бейнелейді. Ойлау мен тілдің тарихында ойлау қабылдау мен елестің образы ретінде ғана өмір сүрген дәуір де болған, тіл тек солардың қызметін ғана білдірген. Бұл көзқарас Гумбольдттан кейін Леви-Брюльдің «Алғашқы қоғамдағы ойлау» («Первобытное мышление») деген кітабында және Н.Я. Маррдың еңбектерінен орын алған.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.
Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық.Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Лингвистиканың ғылыми нысаны- тіл, бірақ бұл тұжырымдама бізге толық емес. Ертедегі гректер тіл деп оның адамның ойы мен сезімінің тек жазбаша түрде берілуі деп айтқан. Тіл туралы ілімді олар грамматика деп атаған (грек сөзі «grammatike» - тіл құрылымы туралы ғылым, грекше «gramma» -грекше жазылған әріп) және оны философияға қатысты қоршаған орта туралы жалпы білімдердің бір бөлігі ретінде санаған. Ғылымның коммуникативті ( латын сөзі «comulatio» - ұлғаю, қорлану деген мағынаны білдіреді) сипаты бар. Ол нысан туралы алынған білімдерімізді жинақтап, білімімізді атқарады. Қазіргі заманда біздің тіл туралы біліміміз Де Соссюр кезіндегінен бірталай айырмашылығы бар. Біз нысандардың заттық және функционалды қасиеттерін қарастыруымыз керек. Заттық дегеніміз нысанның, ағзаның және құбылыстардың табиғи туа біткен қасиеті. Олар ішкі қасиеттер болып есептеледі, мысалы адамның заттық қасиеттері – оның ішкі құрылысы арқылы анықталады (дене құрылымы, жүйке жүйесі, қан айналымы, зат алмасу).
Функционалды қасиеттері (латын сөзі «funktio»- рөл, қарым-қатынас) сыртқы басқа адамдармен қарағанда қасиеттерді сипаттайды. Мысалы, мұғалімнің оқушыға қатысы, айдаушының көлікке, ректордың университетке қатысы. Осы заттар мен құбылыстарға , тілге де тән қасиеттерді есепке ала отырып тіл туралы ғылымыд екі негізгі бағытқа бөлуге болады: ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика.
Когнитивті лингвистика ( латынша «сognosure» -тану) ой мен тілдің ара қатынасын, адамның танымдық әрекетінің құбылыстары мен нәтижелерінің сөйлеуде және тілде қалай байқалатынын зерттейді.Когнитивті лингвистика- бұл 1970 жылдың ІІ жартысында пайда болып, әсіресе Еуропа елдерінде лингвистикалық зерттеулердің басты бағыттарының бірі болды. Бұл зертттеудің түрі АҚШ-та пайда болғандықтан, оны көбіне сол елде «когнитивті грамматика» деп атады. Когнитивті лингвистиканың пайда болуы – бұл жалпы методологиялық құбылыстардың орнынан ауысуымен тікелей байланысты, бұл лингвистикада 1950жылдың аяғна таяу кездерге келіп тірелді. Бұл фундаментальдық қозғалысының басты бөліктері Хомсконың жасаған генеративті грамматикасы болды. Негізгі түсінігі «түпкілік құрылым» ( глубинная структура), грамматиканың тез дамуы, лингвистикалық прагматиканың пайда болуы, мәтін теориясының және қазіргі грамматикалық теорияның пайда болуы. Осы зерттеулердің басталу негізіне тілдік фактілреді түсіндіру ойы кіреді, сонымен қоса егер генеративті тұжырымдамада түсіндіру мағынасында , ең бірінші адамның тілдің заңдылықты біл қабілетін ашу бағытында бастауыштар ұсынылса, басқа түсіндірмелі бағдарламаларда тілдік фактілер де соның бөлікшесі бола алады. Мысалы, егер тілдік прагматика үшін осындай фактілер ретінде адамның әлеуметтік контексттік іс-әрекеттері (түсіндірмелік құрылымдар ретінде – іс-әрекеттің мақсаты, шарттары болса), онда когнитивтік лингвистикада үлгілік құрылымдар ретінде когнитивтік құрылымдар және адамның танымдық құбылыстары: фрейм ( М.Минский, лингвистикалық тапшылықтар, бұл түсінікті жалғастырушы Ч.Филлмором), жүзеге асырылған когнитивтік үлгі (идеализированная когнитивная модлеь) (Дж. Лакофф) немесе ментальдік кеңістік ( Ж. Фоконье);
Тілдік пайда болуларға байланысты когнитивтік қолайлылықтарына мысал келтіре кетсек. 1970 жылдың бастапқы кезеңдерінде, когнитивтік лингвистиканың пайда болуының бастапқы кездерінде , американ лингвисті У.Чейф өзінік толық жұмыстары баспаға шықты.Оның ішінде ағылшын сөздерінің айтылу интонациясы, сөздердің орналасу заңдылықтары, сонымен қатар олармен тығыз байланысты грамматикалық категориялар анықтамалары, адамның естік қабілет құрылымы және адамның мәліметті қабылдай алу қабілетінің танымдық процестері туралы да айтылды. Сонымен, ағылшын тілінде хабарлы сөйлемдердегі қойылатын интонация, яғни кез келген бір жағдайды хабарлай айтылу, бұның орнына Чейф бойынша, мезгілдік пысықтауышқа байланысты, осы айтылып тұрған, хабарлай айтылған жағдайдың қайсы түпкі жалтан алынған мәлімет екенін, когнитивтік күштің қаншалықты қолданылу керектігін – кейбір мәліметтердің белсенділігі қаншалықты екеенін анықтауға бағытталған.
1. Бәрінен бұрын, когнитивтік лингвистика көп жылдар бойы дамып, тіл мен ғылым, адам туралы ғылым арасындағы қиын жағдайлардыұстап келе жатыр. Тілдік құрылымдық қасиеті психологиялық механизмдерге тікелей баланысты. Бірақ та, соған қарамастан, лингвистер мен психологтар арасында көптеген қиыншылықтар кездседі: бұл ек гуманитарлық ғылымдар, бірінші, лингвистика- пәндердің « семиотикалық ретін» құрайды, ал психология - өзіне «физикалық » циклді құрайды. Когнитивті лингвистика, дәлірек айтқанда қарама-қарсы ретте құрылған: бұл лингвистикалық шындық көмегімен психологиялық болжамдар арқылы түсіндірілген. Болжамдар психологияға тәуелді болуы мүмкін немесе лингвист арқылы да құрылуы мүмкін.Бірақ олар лингвистикалық фактілерді, критерийлерді түсіндіру үшін құрылады.
2. Когнитивті лингвистиканың екінші бастауы болып лингвистикалық семантика табылады. Негізінде, когнитивті лингвистиканы «сверхглубинная семантика» деп анықтап, семантикалық ойлардың қарапайым дамуы деп қараструға болады. Лингвистикалық семантика мен когнитивті грамматикаға негізгі жолдар американ лингвистері Л.Талми и Р.Лангакер (Лэнекер) жұмыстарында толық берілген. Мысалы, Талми канцептуалдық супер категориялрдың бірнеше ретін қарастырған, оларға әртүрлі грамматикалық құрылымдар жатқызуға болады. Мысалы, мынадай жұптарда ойдық қарым-қатынасты сипаттау үшін: (4)а. Доп көк шөпте домалады. б.Доп көк шөпте домалауды жалғастырды. (5)а.Ол онымен сыпайы б.Ол онымен тура (6)а. Оған театрға баруға тура келді. б.Оған театрға баруға мүмкіндік болды. әмбебап сызбалардың басқа да көптеген түсініктемелері болды, ол «күш динамикасы» деп аталды: бұл жұп сөйлемдерде бір жағдайдың әртүрлі айтылу жолдары берілген, олардың бөліктері болып, агонист- айтылған жағдайдың сақталуына қатысты. Нақты жағдайлар физикалық (4), психологиялық (5) әлеуметтік(6) ара байланысқа жатуы мүмкінжәне көптеген әртүрлі тілдік құралдармен сипатталуы мүмкін. Талмидің айтуы бойынша, динамикалық күштің когнитивтік-семантикалық категориясы дәстүрлі грамматикалық категорияларды жалпылауға мүмкіндік береді.
3. Когнитивтік лингвистиканың тағы бір, тарихи бастауы бар: оның құрылу кезеңі ( 2-3 жыл кейінірек) когнитивтік ғылымның (ағыл.cognitive science) пайда болуымен қатар келеді, оны когнитология немесе когитология деп те атай береді. Когнитивтік ғылымның зерттеу пәні болып адамның білімінің құрылымы және орналасуы, ал ол инженерлік пәннің дамуы нәтижесінде, яғни жасанды интелектің дамуы нәтижесінде пайда болды. 1960-1970 жылдары жасанды интелектіде түсінік пайда болды.Ол бойынша, үлгіленуімен жасанды интелектайналысатын адамның интелектуалдық процесі «адамның әмбебап ойлау заңымен » басында айтылғандай еш байланысы жоқ екені анықталды: көртеген интелектуалдық тапсырмалар адамның білімімен шешіледі. Когнитивтік ғылымда 1970 жылдың өзінде білімді көрсетуші тілдер және оларды қолдану принциптері (концептуалдық қорытынды ережежесі) дайындалып шығарылды.
1970 жылдар жасанды интелектіде А.Ньюэл және Г.Саймонның «мәліметтерді символдық қайта құру» семантикалық парадигмасы жоғары орынды алды. Ал Массачусетск технологиялық институттағы жасанды интелект лабороториясының директоры П.Уинстон айтуы бойынша, машинаны қарапайым тілді үйретуге тырысу, жаңа бір интеллект жасап шығарумен бірдей. Осындай ғылым барысында когнитивтік лингвистика пайда болды.
Осы когнитивтік лингвистиканың пайда болу және даму барысында, орын алған лингвистикалық типология және этнолингвистика . Бұлар тілдің құрылымын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Когнитивтік лингвистиканың құрылу кезеңдері мынадай жағдайда. 1975 жылы «когнитивтік грамматика» термині ең алғаш Дж.Лакофф және Г.Томпсонның «Представляем когнитивную грамматику» атты мақалаларында берілді. 1985 жылы когнитивтік грамматика үлкен көлемде, бірақ ескірген кезеңінде көрсетілді. Сол уақытта Ж.Фоконье «Ментальные пространства» кітабы, дәстүрлі лексико-грамматикалық проблемаларды көрсетті. 1987 жылы Р.Лангакердің «Басты когнитивті грамматиканың» бірінші томы басып шығарылды, екіншісі – 1991жылы шықты. Кейін М.Джонсонның Ойланудағы дене (ағыл. The Body in the Mind). Сонымен қатар, Р.Джэкендоффтың монографиясына бастау болған және оның кітабы «Таным және есептеуіш ойлау» шықты.1995 жылы «Тіл және ақыл» деген жинақ аудармасы шықты. 1990 жылдан бастап, «Когнитивті лингвистика » журналы шығарылады. Когнитивті лингвистика алғашқы кезеңдерде тек танымдық құрылымдар мен шыққан болжамдарды ғана байланыстырған болса, дами келе өзінің негізгі пәнін, өзінің ішкі құрылымын және категориялық аппаратын таба бастады. Қазіргі уақыттар когнитивті лингвистиканың өз ішінде келесі бөлімдерді алып көрсетуге болады.
1. Өндіріс процестерін және қарапайым тілді түсінуді зерттеу. Тарихи жағынан алғанда бұл анағұрлы ескі бөлім, бұл компьютерлік үлгілерді құрастырушы мамандардың қатысуымен құрылған бөлім. Бұл ймақта өзінің үлесін қосқан лингвистердің ішіндегілерінің бірі У.Чейф. Ол естің категориялары мен белсенділігін зерттеген.
2. Тілдік категорияның принциптерін зерттеу. Бұл бағытта көп жұмыс жасағандар Дж.Лакофф, Элеонора Роштың ойын жалғастырушы.
3. Түсіну құрылымының түрлерін және олардың тілдік ұқсастықтарын зерттеу. Бұл жұмыстар жасанды интеллект бағытында басталды. (Р.Абельсон, Р.Шенко, М.Минский –фрейм және сценарий сиқты категориялардың авторлары).
4. Когнитивті-семантикалық суперкатегорияны зерттеу , бәрінене бұрын Л. Талми есімімен байланысты. Тарихи жағынан алғанда, когнитивті лингвистика Н.Хомскийдің альтернативтік генеративизмі ретінде беріледі. Когнитивті лингвистиканың негізгі орталықтары болып Беркли мен Сан-Диегодағы Калифорния университеті сонымен қатар, Нью-Йорк штатындағы Буффалодағы когнитивтік ғылым орталығы Университеті табылады. Еуропада , әсіресе, Голландия мен Германияда когнитивті лингвистика жақсы дамыған. Жыл сайын халықаралық конференциялар өткізіліп отырады.
Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.
Қазақ жазуының латын графикасына негізделген әліпбиге көшуі – елімізді рухани жаңғыртудың басты өзегі. Ұлттық жаңғыру бағытындағы атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары бүгінде нақты іспен іске асырылуда. Қазақстан Президенті латын қарпіне көшу туралы бастаманы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында кезекті рет еске салған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», – деген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінде терең талқыланған тақырыптың тамыры тереңде жатыр. Өйткені бұл бастама біздің тарихымызбен, болмысымызбен үндес. Тіл мамандары мен ғалымдар күш біріктіріп көршілес елдердің тәжірибесін ескере келе латын қарпіне көшу мәселесінде уақыт оздырмай нақты іске кірісті. Ғаламдық дамудың жаңа дәуірінде латын әліпбиіне көшу уақыт талабы болып отыр.
Латын қарпі – болашақтың кілті десек, ал оған көшу еліміз үшін аса маңызды кезеңдердің бірі болатыны ақиқат. Ал Елбасы айтқандай латын графикасына кезең-кезеңімен өтуге басымдық беру жаңа әліпбиді терең меңгеруге жол ашады. Бұл тұста әрбір Қазақстан азаматы жаңа бастамаға «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмылып, қоғам болып үлес қосу керек.Жамбылдық мамандар латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиінде әлі де тың өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін айтады. Өйткені, бас-аяғы 9 бөлім, 148 баптан тұратын емле-ережелер қайта талқылаудан өткізілуі қажет. Бұл туралы бүгін жоғары оқу орындары және мектептердегі тіл мамандарымен өткізілген жиында сөз етілді. Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындарының лингвист ғалымдары әліпбидің қолданылу аясы халыққа тиімді болу керектігін айтады. Ол үшін, жаңа әліпби орфографиялық, терминологиялық және пунктуациялық қателерден арылуы тиіс. Осы мақсатта әдебиет пен тіл саласы мамандарына аталған мәселелерді жіті талқылау міндеттеліп отыр. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде латын қарпіне көшуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал, тіл тазалығы басты назарға алынатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, жиын барысында латын графикасындағы кей бөлімдерді қалпына келтіру мен қате тұстарды түзету керектігі де айтылды. Яғни, жаңа ұсыныстар сараптаудан өткізіліп, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолданатын болады.Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімідігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» тақырыбында семинар өтті. Жиында тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының латын әліпбиін зерттеуші ғалымдары мен тілдерді оқыту орталығы қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.Семинар алдында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орай Тілдерді оқыту орталығынан, латын әліпбиі кабинеті ашылды. Мұндағы мақсат – латын графикасына негізделген қазақ тілі мен әдебиетін түсіндіру, жаңа әліпби тізбегіндегі әріптерді үйрету сонымен қатар, әдістемелік көмек көрсету. Латын графикасына негізделген қазақ жазуына көшу – бүгінгі заман талабы, уақыт сұранысы. Сондай-ақ, жиында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылатындықтан, латын әріптеріне көшу мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуде де маңызы зор екендігі айтылды.Бүгінде әлемнің дамыған елдері латын әліпбиін қолданады. Сондықтан тілдің дамып өркендеуі, әр ұлттың өзіндік ерекшелегі оның тілімен айқындалатындығы анық. Жиынды қортындылаған тіл жанашырлары, Латын әліпбиіне көшу – түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатындығын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |