1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 «Нұр Отан» партиясының халық жағдайын жақсарту, «Қазақстан-



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
2. «Нұр Отан» партиясының халық жағдайын жақсарту, «Қазақстан-
2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі. 
«Нұр Отан» ХДП осыдан 20 жыл бұрын 1999 жылы «Отан» республикалық 
саяси  партиясы  болып,  мемлекет  басшысының  бастамаларын  қолдау  және 
Н.Ә.Назарбаевтың  1999  жылғы  президент  сайлауындағы  үгіттеу  штабының 
жұмысын  үйлестіру  негізінде  құрылған.  Сол  жылы  1999  жылы  12  ақпанда 
«Отан» партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. 
1 наурызда өткен съезінде Елбасы  Н.Ә.Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы 
болып  сайланды.  «Отан»  партиясының  қуаты  әрбір  азаматтың  қарапайым 
сұранысына  бағытталады  және  ең  соңғысы,  адамның  ұлты  мен  дініне 
қарамастан барлық азаматтардың партиясына айналды. 2006 жылы Партияның 
Х съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» 
Халықтық  Демократиялық  партиясы  деп  өзгертілді.  Партияның  өзіндік 
бейнелері  пайда  болды:  Жарғысы,  мақсаты  және  өзіндік  міндеттері.  Партия 
Жарғысы  –  ұйымдастыру  мен  қадағалау  үшін  ерікті  түрде  партия  мүшелері 


қабылдаған  толық  ережелер  жиынтығы  болып    саналады.  Ал,  партияның 
мақсаты  –  саяси  жұмыс  әдістермен  азаматтық  қоғамның  дамыған 
институттарын,  қазіргі  заманғы  бәсекеге  қабілетті  саяси  жүйесі  бар 
экономикасы мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет 
құруға қол жеткізу. 
Бүгінгі  таңда  Нұр  Отан  партиясы  жалпыхалықтық  іргелі  саяси  ұйымға 
айналып,  еліміздің  бүкіл  халқының  мүдделерін  бейнелейтін  объективті 
көшбастаушы партия ролін атқарып отыр. Еліміздің алға қарай серпінді дамуы 
бірінші  кезекте  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  -  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  таңдаған  дұрыс  реформалар  бағытының  нәтижесі 
екені  анық.  Күн  санап  «Нұр  Отан»  халықтық-демократиялық  партиясының 
беделі артып келеді. Еліміз бойынша оған 1 млннан астам адамның мүше болуы 
көп  жағдайды  аңғартады.  Партия  жүктеген  міндеттерді  абыроймен  орындау  - 
әрбір  қазақстандықтың  азаматтық  борышы.  Оның  барлығы  ел  ертеңінің 
болашағына  негіз  қалайды,  халықтың  әлеуметтік  тұрмысының  жақсаруына 
әкеледі. 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Нұр  Отан»  партиясы  Саяси  кеңесінің 
кеңейтілген  отырысында  сөйлеген  сөздері  саяси  өмірдегі  басты  трендтерге 
айналды.  2017  жылдың  3  қарашасында  Партия  саяси  кеңесінің  кеңейтілген 
отырысында Елбасы:  «Нұр Отан»   министрлік те, атқарушы билікте емес. Ол 
келешектің  мүмкіндігін  ескере  отырып  әрекет  ететін,  жалпыұлттық  тәртіпті 
белгілейтін  стратегиялық  күш»,    деді.  Себебі  онда  бір  ғана  саяси  ұйымның 
міндеттері  емес,  бүкіл  мемлекетіміздің  таяу  болашақтағы  маңызды  мәселелері 
қамтылды.  Нұр  Отан  партиясының  алдына  қойып  отырған  міндеттері  де 
ауқымды.  тиіс  Бүгінде  Отанымыз  өз  дамуының  сапалық  жаңа  даму  кезеңінде, 
мемлекет  басшысы  алға  қойған  міндеттерді  шешу  үшін  бүкіл  қоғамдық 
құрылымдардың  жұдырықтай  жұмылуын  қажет  етеді.  Болашақта  еліміз 
әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  30  мемлекеттердің  қатарынан  орын 
алатынына  барлық  Қазақстандықтар  күмәнсіз  сенеді.  Осындай  секіріс  жасау 
үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. 
Интеллектуалдық  күштердің  топтасуы  мен  бірігуі,  биліктің  біріктіруші  күш 
жігері, азаматтық қоғамның, барлық ел тұрғындарының жұдырықтай жұмылуы 
Қазақстанның болашағы үшін ортақ құндылықтар болып табылады.  
Еліміздің  барлық  азаматтарын,  олардың  этностық  ерекшеліктеріне,  діни-
наным  сенімдеріне  және  саяси  көзқарастарына  қарамастан,  бір  мақсат-туған 
Отанымызды  қазіргіден  де  қарымды,  әлеуетті  мақсаты  біріктіруі  тиіс.  
Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей «Стратегиялық тұрғыда «Нұр Отан» партиясының 
миссиясы  ұлттық  жаңғыру  серпінін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Партия  бұл 
міндеттерді шешудің идеологы әрі локамитиві болуы керек».  
Партияның  алдында  жауапты  да  аса  күрделі  міндет    Қазақстан  қоғамын 
топтастырушы факторы ролін атқару. Нұр Отан партиясы өз мойнына осындай 
жауапкершілікті  ала  отырып,  қоғамдық  пікірлер  мен  ұстанымдардың  барлық 
қырлары  бойынша  өзара  іс-қимыл  жолдарын  табу  қажет.  Бұл  қоғамдағы  саяси 
күштердің  өзара  қарым-қатынас  жасау  механизмдерін  дамытып,  басқа 
париялармен,  оның  ішінде  оппозициялық  партиялармен  де  және  қоғамдық 


бірлестіетердің  кең  ауқымымен,  сонымен  қатар  үкіметтік  емес  ұйымдармен 
жұмыс істеуін талап етеді.  
Жоғарыдағы  ортақ  міндеттерге  қол  жеткізуде  билік  пен  қоғамды 
топтастырудың  маңызды  шарты  ел  тәуелсіздігінің  бүгінгі  күнгі  басты 
байлықтардың бірі этносаралық келісім сақтау мен оны әрі қарай дамыта беру 
екені  сөзсіз.  Әуел  бастан  қоғамдық  құрылысты  біртұтас  азаматтық  негізде 
қалыптастыру  жолы  таңдалды.  Тәуелсіз  жылдарындағы  даму  кезеңінде 
ұлтаралық  келісімді  сақтау  мен  нығайтудың  өз  елімізге  ғана  тән  үлгісі 
қалыптасты.  Осыған  орай  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ерекше  ролі 
туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл шын мәнінде 20 жылдам астам  уақыттан 
бері  өзінің  басты  міндеті,  ұлтаралық  қатынастарды  үйлестіру  үшін  барлық 
этностық  топтардың  мүддесін  сәйкестендіретін  қызметті  жүзеге  асырып  келе 
жатқан  құрылым  болып  табылады.  Сондықтан  ұлтаралық  келісімнің 
Қазақстандық  үлгісі  халықаралық  қоғамдастықтың  тарапынан  жоғары 
бағаланатынына  ешкімді  де  таң  қалдырмасы  анық.  Тұтастай  алғанда, 
халқымыздың  толеранттылығы  мен  даналығына  негізделген  салмақты 
мемлекеттік  ұлтаралық  саясат  бізге,  өткен  жылдар  бедеріндегі  қандай  да  бір 
қиындықтарға  қарамастан,  елімізде  ұлтаралық  келісімді  сақтауға  мүмкіндік 
берді және бұл сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Ұлтаралық 
келісім  біздің  бүгінгі  жетістіктеріміз  мен  болашақ  табыстарымыздың  іргетасы 
болып қала беруі тиіс.  
 «Нұр  Отан»  партиясы  жалпыхалықтық  саяси  ұйымға  айнала  отырып,  қай 
салада  болмасын  алдыңғы  саптан  көрініп,  ұлттық дамуымыздың  ұзақ  мерзімді 
бағыттарын 
кезең-кезеңімен 
іске 
асыра 
береді. 
«Нұр 
Отан» 
институционалынған  билік  партиясы  ретінде  әртүрлі  наменклатураның  саяси 
бірігуінің  нақты  факторына  айналды.  Қазіргі  күнде  бұл  партия  қоғамды 
біріктіріп,  оның  біріккен  күшін  мемлекеттің  алдында  тұрған  стратегиялық 
мәселелерді  орындауға  бағыттайтын  жалғыз  күш  және  елдегі  басты  партия 
рөлін  сомдауда.  Бұл  арада  «Нұр  Отан»  ХДП-ның  қазақстандық  саяси  алаңда 
басымдылық таытудың бірден-бір себебі – осы партиямен өзінің саяси бағытын 
тығыз  байланыстырға  Елбасымызға  деген  халық  сенімділігі  жоғары  деңгейде 
болуы деп түсіну қажет. Қазақстанда қолдаушыларының саны көп саяси партия 
ретінде, «Нұр Отан» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым 
халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет